Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


МОЙЫНДАУ
( Ән)


Сені іздеп күнде келем,
Сені іздеп түнде келем.
Махаббат құдіретін
Мен бұрын білмеген ем.

Қайырмасы:
Шәрбәтім ішілмеген,
(Мен бұрын түсінбегем)
Құмығып сұйе бердім,
Тұнығым, түсімде мен.

Жыр тасып ойымда мың.
Сүйсіндім – тойынбадым.
Дәл тауып ойымдағын,
Мен сені мойындадым,

Қайырмасы:
Жүректе от өрілді,
Желкенім көтерілді.
Тағатым таусылардай
Көрмесем от ерінді.

Қайырмасы:
Сені іздеп күнде келем,
Сені іздеп түнде келем.
Сусыным қанбаса да,
Қалды ғой гүлдеп өлең!