Малқаров Омарбай

Туындылары


Дос көңілі

Ескірмес, тозбас, дос көңіл.
Сағыныш туар сезімнен,
Түседі тосын еске кіл,
Ыршиды жасың көзіңнен,

Ой көзі жетпей түңілмес,
Сөзіне бөгде сенбейтін.
Қимайды қайран абзал дос.
Қатеңді кеткен жөндейтін.

Көксейді көңіл, көксейді,
Серіксіз көлде аққудай.
Өксиді, жаның өксиді,
Күн-түні тыным таптырмай...

Дос көңілі досқа ниеттес,
Махаббат оты суымас.
Өзгермес олар жүйектес,
Жаныңа жаны тұр жалғас.