Захардин Қыстаубайұлы

Өмірдерек


       Захардин Қыстаубайұлы 1948 жылғы 10 кыркүйекте Ордабасы ауданына қарасты «Қажымұқан» (бұрынғы Ленин туы) ауылында туған. 1996 жылы Темірлан селосында орта мектепті бітірген соң еңбек жолын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің корректорлығынан бастады. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
       Тырнақ алды туындысы – «қос рельс» әңгімесін «Жалын» жастар альманагында жарияланды. «Ақ түн» атты әңгімелер жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Бәйтеректер», «Жүректегі жүзік», «Алматының ақ жауыны» «Сүйріктің махаббаты», т.б кітаптары бар. «Таңшолпан», «Аспирантың ақ шымылдығы» сияқты пьесалардың авторы.
       З. Қыстаубайұлы «Комунизм таңы» газетінде тілші, ал «Ильич жолы», «Кентау правдасы» газетінде редактор болды. «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясында жауапты хатшының орынбасары болған ол 1982 жылы Алматыға ауысып, «Жалын» баспасында редактор, «Жеті жарғы» баспасында бас редактор болып істеді. Білікті жазушы елге кәсіпқой баспагер ретінде де белгілі. Ол сондай-ақ, Алматы қаласындағы Кеңес аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып еңбек еткен жылдары ана тіліміздің нағыз жанашыры екендігін танытты. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Қазір өзінің жеке баспасы бар. “Өркениет» баспасы ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарды. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері оқушы кезінде аудандық, облыстық газеттерде жариялана бастады.. Тұңғыш әңгімелер жинағы студент кезінде жарық көрді. Бірнеше рет әдеби конкурстардың лауреаты болды. Бүгінгі таңда «Жебе» республикалық қоғамдық- саяси апталық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу