Захардин Қыстаубайұлы

Лебіз


«Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес» деген қағидаға сүйенер бір мәселе бар. Қандай шаруаның да басталуы және бітуі болады ғой. Өйткені үлкен істің тізгінін сезімге, түйсікке ұстатқың келеді. Ал сезіміңді ақылың мен еркіңе бағындыруың қажет. Мен білетін, мен танитын Захардин осы қасиеттердің иесі. Қолына алған істі зерттеп білуге құмбыл. Тілшілік өмір оған осындай қасиеттер дарытты. Табанды болуға тәрбиеледі. Табандылықпен өзіңді-өзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық – ерліктің кепілі екені даусыз шындық».

Есенәлі Ералы



«Аспиранттың ақ шымылдығы», «Егіздің сыңары» пьесаларынан да журналист-жазушының және драматургтің шынайылығын, көркем ойдың шебері екенін жазбай танисың, мойындайсың.

Есенәлі Ералы



«... лүпілдеген жүрегі де, көкейіне түйгені де таза жазушы Захардин Қыстаубаевтың шығармашылығына баға берерде, оның адами биік парасатын түсініп, құрметтеуде айналасындағы азаматтардың да тазалығын қалар едім».

Есенәлі Ералы



«Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды  жүктейді», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,  өзінің халық алдындағы, әдебиет алдындағы қаламгерлік, азаматтық парызын да, міндетін де адал атқарып жүрген, қай қызметте де адамзаттың Айтматовы айтқандай: «адам мен айналадағы ортаның өзара қатынасына әрқашанда тебіреніп, әрқашанда талаптанып отыратын» жазушының қатарына мен Захардин Қыстаубаевты жалтақтамай-ақ қосар едім.

Есенәлі Ералы





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу