Құрал Көмек

Туындылары


ҚҰЛАДҮЗ


Құлазыды көңілім құлазыды,
Сағындым-ау, осы мен құладүзді.
Қайда жүзіп барады өмір-кеме,
Алыстатып жағадан мына бізді!

Толқын таулар бөлгенде арамызды,
Материкке түбінде барам мұзды.
Кентаврлар тұрпаты түске еніп,
Ақ шағала таптаған табам ізді.

Неге бүгін іздедім құладүзді?
Құладүздер думанын неге үзді.
Айсыз түнді паналап аландаған,
Жортып өткен көремін құлан ізді.

Іздемеймін мен неге құладүзді?
Құба тандар құбылтқан даламызды.
Бәрін көріп, бәрін сезіп тылсымнан,
Құладүздер сынайды мына бізді.