Құрал Көмек

Туындылары


ЕШКІМ ЕМЕСПІЗ


Мен сенсіз,
Сен менсіз,
Ұша алмаспыз аспанға.
Балапандай,
Бауырмыз,
Құшағын жайып ашқанға.
Досты туыс,
Қасты дос етер,
Қанда қасиет бар
Үлгі болар басқаға.
Мен сенсіз,
Сен менсіз,
Шыға алмаспыз шындарға,
Біз тамшысы
Дарияның,
Сіңіп кеткен құмдарға.
Шөлден тапсақ толғаныс,
Жеңілмейтін мұң бар ма?
Сен оң жағы,
Мен сол жағы,
Ескегіміз қайықтың.
«Көшке ілескен бос тайлақ»,
Өткен жолдан
Ой ұқтым.
Жараланған жарама,
Көз жасым тамып
Айықтым.
Сен менсіз,
Мен сенсіз,
Ешкім де емеспіз.
Көшпендінің баласы,
Үндемеспіз.
Тереңде жатқан тамыр бар,
Жалғанбаса жанымыз,
Біз ешкім емеспіз.