Құрал Көмек

Туындылары


СӨЗГЕ-СӨЗ


Сөздер-сөздер ащы-тұщы тілдегі,
Алуан-алуан болар бал да гүлдегі.
Бірі туман, бірі күмән болғанда,
Бірі сыншыл, бірі сусын шөлдегі.

Бірі ояу, бірі бояу байқасаң,
Бірі толқын, бірі дария шайқасаң.
Бірі найза, бірі мылтық оқтаулы,
Бірі орақ орып түсер қайрасаң.

Бірі маржан, бірі арзан ойласаң,
Бірі саяз, бірі терең бойласаң.
Менің ғашық екенімді біле жүр,
Жанға азық жақсы сөзге тоймасам.

Бірі қатты, бірі тәтті тыңдасаң,
Бірі уайым, бірі шаттық аңдасаң.
Ұлы сөзден дәрі алып сарамдап,
Жанның дертін жоймақ болып шайқасам.

Бірі аяз, бірі көктем талдасаң,
Жаз да болар, күз де болар қолдасаң.
Өздеріңе керек жауап табасың,
Адамдарға қайсы бірін жолдасаң.

Өрмекші боп сөздің торын құрмасаң,
Өздеріңмен, сөздеріңмен сырласам.
Тамырым-су, жапырағым күн іздеп,
Сөз моншағын іздеп жүріп жыр жазам.

2009 жыл