Құрал Көмек

Туындылары


ЖАСЫНДАР


Далаға дүбір қосып дүбірлеткен,
Жүрекке діріл қосып дірілдеткен.
Тауларға таңба қосып тілімдеткен,
Кұдіретті, құдай-ай, үнің неткен!

Жасындардың, ей, елі күркіреген,
Маңдайының тері ме сіркіреген.
Түсінбейді сендерді жердегілер,
Сен сияқты серпіліп сілкінбеген.

Ақ семсері ғаламның жарқ-жұрқ еткен,
Жарқылың жалындаған асыл неткен?
От деміңді төгесін қара жерге,
Тіршілікке түнеріп қалт-құлт еткен.

Көп болды қоштасқалы біздің жақтан,
Іздеймін ұшқыныңды қызғалдақтан.
Жаланың кеудесіне найза түйре,
Түл етіп бәрімізді түтіп жатқан.

Күтеміз енді сені қанша тағы
Шошытып жанымызды алсандағы.
Өтетін көктемдерде көкті тіліп,
Жасынның жарқылдары аңсатады.

2008 жыл