Әмзе Қалмырзаұлы (Хамза Көктәнді)

Туындылары


Он екі таным
Бірінші таным Тіл Басқа бәле тілден. Тіл - тауға да шығарады, құзға да құлатады. Жұртқа жаман іс көрсетпе, жаман сөз айтпа. Біреуді сыртынан ғайбаттама. Сенің сөздеріңді естіген адам күндердің күнінде ол адамға кездесіп, ойыңды жеткізбесіне кім кепіл? «Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады». Адал жанды адамды өзіңе өнеге тұт. «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» деген сөзді ұмытпа. Тәжік халқы тілі жаңа шыққан баласына мың жыл бұрын өткен ұлы бабалары Рудакидің жырларын жаттатады. Ұрпақтарың өлең жаттасын. Сонда сөзінің қайда кетіп бара жатқанын байқайды. Тілдік қорын байытады. Өз сөзін айта алатынға болсу керек. Жүрегінде жалыны, өмірге өзіндік көзқарасы жоқ адам се