Қарауылбек Қазиев

Туындылары


ІҢКӘР ЖҮРЕК


      Бір сәтке ғана сіркіреп өткен жаздың ақ жауынынан немесе таңғы шықтан кейін көктемнің жап-жасыл жапырағына тұнып қалған мөлдір тамшыны талай көрдік. Бұл табиғат керемет қой: өйткені сол бір мөлдіреген тамшыға байыптап қарасаңыз онда нағыз сұлуықтың сыры бар. Сынапша сырғығалы тұрған сол тұп-тұнық сұлүлық сырының іштей үзіліп туспегегенін, ғұмырлы болғанын қалайсыз...
      Сыршыл қаламгер Қарауылбек Қазиевтің аз ғана артына қалдырған қолыма алған сайын осы бір таңғы шықтан түзілген мөлдір тамшы есіме түседі. Өйткені оның қай шығармасындағы болмасын лиризмның түбі терең, иірімі мол. Оқи бастасаң болды, тұңғиығына шым-шымдап тартып жатқан көк теңіздің түбінен маржан алып шықандай күйге енесің.
      Қарауылбек төл ауданымыздың Жамбыл атындағы совхозының Кербұлақ өзенініңбойында туды. Ол Алматыдағы оқуынан келген сайын кезінде өзінің кіндік қаны тамған Кербұлақ-Теректі сияқты ата-қонысты талай аралады. Артынан ағалап талай ілестік, ол басқан жерді біз де бастық. Сонда ол ата қонысқа әр келген сайын туған жерді аусап келгенін,аңсап келгенін аңдамаған кезіміз де болды. Кейінерек әр жазған повесінен туған жердің әр тасы, әр тал шөбі сыр шертіп, самсап шыға келді. Оның әр шығармасынан шөбі шүйгін, бауыры құт осы ата-мекеннің қақ өзегін жарып шыққан Кербұлақ пен Теректінің арынды асау бұлақ Шоқпардың сарыны келеді, сар жотаның самал желі өседі. Тіпті университеттің журналистика факультетін бітірген соң алысқа арман қуып кетсе де туған жерінің әуені өмірбақи жадында жатталып қалғанын айтсайшы! Бір сәт те туған жерін елін ұмытпағаны ғой.
      Қарауылбектің қырықтың қырқасына дейінгі жазған шығармалары сен жағынан шалқып жатқан теніз емес. Әр жылдары « Ақ бантик», «Иманжапырақ», «Үркер», «Кемпірқосақ» сияқты жинақтарын оқырманына ұсынды. Енді, міне, сыршыл жазушы көз жұмғаннан кейін таяуда ғана дананың сөзіндей, жақсының көзіндей болған «Ақ шуақ» аты толық жинағы оқырманның игілігіне тиді. Кейбір кездескенде «Ағасы-ау, еріншек тарттың ба, елінді жақсы туындыңмен елеңдетпей кеттің ғой» деуші едік. «Көпіртіп көбік көбейткенді жек көремін» деп күлуші еді. Шындығында ол аз жазды. Ол болмысында әр шығармасына биік талғам тұрғысынан қарайтын, оқушысының тандайына анда-санда тәтті тағам салғандай тамсанып кететін талғампаз бірегей қаламгер еді. Міне, оның өзіне, өнерге деген жауапкершілігі! Қысқа ғұмырының ақырына дейін осы шабысынан таңбай кетті.
      Оның қай шығармасын алсаң да тілі нәрлі, ойы серпінді. Әр повесін, әр әңгімесін шым-шытырық оқиға желісіне құрмаса да, өмірдің күнделікті қарапайым тыныс-тіршілігінен, тұнып тұрған шындығынан талай ұлағатты ойды түйіп-түйіп тастайды. Кейіпкерлері де қарапайым –уәйімсіз, қайғысыз, өмірге енді көзін ашқан бала, шаруа баққан еңбеккер, жатса да, тұрса да алдағы күннің бейбіт тірлігін тілеген аңғал шал, ақ жаулықты ана... Табиғаты да тұнып тұрады: арқыраған өзен, сылдыраған көк қасқа бұлақ, шулаған қамыс, желді күні теңізше толқыған шалғын, кеугім тартқан шақта кейіс қабақ білдірген тау мен дала... Соның бәрі-бәрі жазушының қалам құдіретімен бір араға тоқайласып, тұтас тұлғаға, жанды суретке айналып, күнделікті қонырқай тірліетің симфониясын құрайды; оның айтар ойын мезгейді.
      Қарауылбек-қарапайым өмірді қара сөзбен жырлаған ақын жүректі лирик жазушы. Ал бұл жанрға қара сөзбен бірегей қалам тарту кез келген жазушының қолынан келе бермеген. Сонда да болса қаламгер шартарапқа қиял құсын шарықтата отырып, жалған сөз, жасанды кейіптеуге ұрынбайды. Оның «Қашқын», «Үркер», «Олар екеу, мен жалғыз», «Біз абитуриент едік», «Иманжапырақ» сияқты повестері мен «Байшшешекті жыл», «Ақ бантик», «Найзағайлы түн», «Қадиша», «Менің шешем», «Мәтібұлақ басында» сияқты әңгімелеріндегі Қалмаш, Әскер, Назыкен, Қайрош, Тұнық, Күлзәт, Әлдихан, Қаржау, Мақпал, Қалау, Қайыржан, Асылтас және басқалары өзінің бітім-болмсымен өмірге іңкәрлігімен дараланып, есте қалады. Оның үстіне Қарауылбектің осы аталған повестері мен әңгімелері очерк сарындас. Бүрлібек, Ақтұмақ, Жүнісәлі, Дәулетияр, Сұртай, Кіреңқұл, Шонжы, Қалдыбай, Манарбек, Күләш, Махат пен Рәш, қойшы әйтейуір, бәрі-бәрі өмірде болған немесе әлі де бар адамдар. Қаламгердің әр туындысы өмірге келген сайын осы жанама немесе негізгі кейіпкерлер өздерінің кейіптерін дәл бір айнадан көргендей мәре-сәре болып қалатын.
      Қарауылбек Қаламгерлігімен қатар кісілік пен адамгершілік туын да жоғары ұстаған, үлкенге іні, кішіге ұлағатты аға бола білген ер азамат еді. Сондықтан адамгершілігі мен кісілігі мол қаламгердің өмірден өзі кеткеннен кейін де оның жора-жолдастары, туған-туыстары, қаламдас достары азалы өлімге аһ ұрып, мерзімді баспасөз бетінде жылы-жылы лебіздер білдіріп жатты, білдіріп те келді. Республикаға танымал Аян Нысаналин, Қадыр Мырзалиев, Әбілмәжін Жұмабаев сынды қаламгердің Қарауылбек жайындағы сөз басын «Жүрегі толы нұр еді» деп бастауы, ақын-інілердің абзал ағаны жоқтап көлемді өлендер жазуды оның осы кісілігінен бастау алған. Барында да, жоғында да жаманды кім жоқтаған, тегі... Оның үстіне Қарауылбек республикалық жабық конкурстарға шығармаларын «Боз-жігіт» деген бүркеме атпен жазатын. Осыған орай жергілікті композиторымыз Әбдімомын Желдібаев та талантты інісінжоқтап «Боз жігіт» деген азалы күй шертті. Әр жүректі тұу сонау сонау түптен суыра тартатын өршіл рухты күйді тебіренбей тыңдау да мүмкін емес...
      Осы шағын мақалада Қарауылбек жайында түгел айтып шығуды мақсат тұтпадық. Қаламгерлік пен кісіліктіңарнасын бір десек, оның азды-көпті шығармаларына әділ төрелік айтуды уақыттың, келер ұрпақтың үлесіне қалдырайық; әрі оның ел игілігіне қалдырған азды-көпті мұраларына ұзақ ғұмыртілейік!
      Дегенмен ақыл-ойы енді толысып, көсем сөздің қызыл шоғын енді көсейтін кезінде талантты жазушының арамыздан кетіп қалғаны өкінішті-ақ.