Әселхан Қалыбекова

Туындылары


АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЖАТҚАН ӘСЕЛХАННЫҢ АТА ТАРАХАНМЕН АЙТЫСЫ

Әселхан:
Бисмиллә, Алла өзің сақтағын,
Бұл төсекке бірінші еді жатқаным.
Білінбейтін сықыры, дұрыс екен қап-қалың.
Тумбочкасын ашып қалсам,
Төбесінде, іргеде,
Өріп жүрген бірдеме.
-Әй-әй кімсіңдер?
Мұнда неғып жүрсіңдер,
Кішкентайлары зытты,
Бір мүйізі көк тіреп,
Бір мүйізі жер тіреп,
Ата тарахан шықты.

Ата тарахан:
-Иә, өзің кімсің?
Бұрын мұнда келмеп пе едің?
Әлде тарахан көрмеп пе едің.
Бұл біздің мекен-жайымыз
Күнде осында жейтін тамақ, ішетін шайымыз.

Әселхан:
Сонда сендер зорықпайсыңдар ма?
Хлордан, Китайски дустан қорықпайсыңдар ма?
Бұл үйдің иесі бар,
Онымен жолықпайсыңдар ма?

Тарахан:
-Бастықпен атымыз ұқсас ағайынбыз,
Босата қоймаспыз маңайын біз.
Келе сала бізді тергейтін кім едің,
Сен секілділердің көргенбіз талайын біз.

Әселхан:
Ей, едірейме!
Мен халықтың ақынымын,
Ел атынан сөйлеуге хақылымын.
Сендерді СЕС-ке айтып,
Тұқымдарыңды тұздай құртамын.
Мына жорғалаған аяқтарыңның қалдырмаймын бір талын.

Тарахан:
Хи-хи-хи қорқып кеттім,
Мықты екенсің ғой әй керім.
Халық ақыны болсаң қайтемін.
Бізді құрту бос сөз,
Айналайын апа-көкелеріміз бас, көз.
Біз секунд сайын байып жатырмыз,
Балаларымызды қаптатып жайып жатырмыз.
Ауруларға келген сөмкелерге, пакеттерге ілесіп,
Шәуілдірге, мына жағы Шымкент,
Мына жағы Түркістанға тайып жатырмыз.

Әселхан:
Әй тоқта,
Кезек бересің бе, жоқ па?
Мен жоғарыға қоңырау шаламын,
Ашылмасын араның
Комиссия шақыртып, сендерді құртудың амалын,
Бүгін-ақ табамын.

Тарахан:
Комиссия, хи-хи, әй ақын, аңғалсың-ау,
Ұсақтармен күресу қиын екенін,
Есіңнен шығарып алғансың-ау.
Комиссия келгенше түтіп кетеміз,
Көрінсе бұрыш-бұрышқа зытып кетеміз.
Ауырмай-ақ қойсын бұлай басыңыз,
Қара қоңыздар мен қара шыбындар сыбайласымыз,
Бәрібір біз ұтып кетеміз,
Қанша ыдысыңды жапсаң да,
Ебін тауып шұқып кетеміз.
Әншейінде ақ халаттың қалтасында,
Кейде арқасында жүреміз.
Операция жасағанда,
Ішек-қарынның дәл қасында,
Бауыр, жүректің қолқасында жүреміз.
Қысқасы, өмір сүруді сенен жақсы білеміз,
Содан да операцияның аяғы ірің болады,
Жазыламын деген үміт те, уақыт та босқа шығын болады.
Дәрігер көкелер науқастарға діңкілдейді,
Ал бізге қызығып,
Сендердей бәрін тегін ішіп-жесек қой шіркін дейді.
Баланың бәрі сары ауру,
Біздің ошақтан өніп жатыр бар ауру.

Әселхан:
-Әй, оңбаған,
Не деп тұрсың сен маған.
Мен сені жаншып тастаймын...
Ата тарахан қашып кетті,
Жеңіліп қалғаныма ішім удай ашып кетті.

Оңтүстік Қазақстан газетінің редакторының бірінші орынбасары Оразхан Жарқынбековтың,Халық ақыны Әселхан Қалыбековаға