Қайырғали Медет

Өмірдерек


      Қайырғали Мүсілімұлы Медет - журналист, жазушы. Ол 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қосағаш ауылында туған. 1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1982 жылы - республикалық «Білім және еңбек» журналында әдеби редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 жылы – республикалық «Денсаулық» журналының жауапты хатшы, 1991 жылы республикалық «Мәдениет» («Культура») газетінің бас редакторы, 1997 жылы республикалық «Қазақстан теледидары мен радиосы», корпорациясында программалық қызмет басшысы, 1998 жылы – ОҚО Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тіл бөлімі бастығы, 1999 жылы - «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 2000 жылы – «Шымкент келбеті» - «Панорама Шымкента» қалалық газеттерінің бас редакторы, 2006 жылы - «Ел мәдениеті», «Өмір-айна» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарған. «Қазақстан», «Қазақстан-Шымкент» телеарналарында тілшіліктен бастап, бас редакторлыққа дейінгі түрлі деңгейдегі қызметтер атқарған. Бүгінде «Алтын қазына» мәдени-қоғамдық, тарихи-танымдық, өнер газетінің бас редакторы.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу