Жастар шығармашылығы

 Untitled Document

Абай Калшабек



Абай Батырұлы Калчабеков 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
   2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық «Жас қазақ», «Жас алаш» газеттерінде, сондай-ақ  «Аңсар», «Шапағат нұры», «Мұсылман», «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында бірнеше рет жарық көрді.
   Оңтүстік Қазақстан  облысы әкімшілігінің 2004 жылғы жас дарындарға арналған стипендиясының иегері.
  Діни-хикметтік  проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен  айналысады. Қазіргі таңда Л.Н. Толстойдың «Тәубе» («Исповедь») атты шығармасын, сондай-ақ «Адамға көп жер керек пе?!» («Много ли земли нужно человеку?!») атты әңгімесін аударып шықты.
    Сондай-ақ В.Гюгоның «Имансыз адам » атты әңгімесін қазақ тіліне аударды. М.Ю. Лермонтов өлеңдері бойынша жасаған аудармасы «Жас алаш» газетінде жарияланып, бірқатар сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.
   Негізгі шығармашылық арнасы – поэзия.
   Қазақ әдебиетінде үлгі тұтып, қадірлейтін тұлғалары Абай, Махамбет, Мұқағали, орыс әдебиетінен –Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермонтов, батыс әдебиетінен –И.В.Гете.
   Өлеңді 13 жасынан бастап жаза бастады. Орыс, түрік тілдерін меңгерген.
  Қазіргі кезде Шымкент қаласында мектепте ұстаздық қызметте жүр.  





Шығармалары


Айдың жарық

Айдың жарық нұрымен қою нұрланып,
Көк төсінде ағады бұлт ырғалып.
Қара ала көк аспанның аруы ақ  Ай
Қара бұлт артынан қарайды ұрланып.

Көк төсінде барады алтын Күн ағып,
Алтын шуақ тарайды әлем нұрланып.
Балқып тәндер нұрымен жылиды жанжар,
Сәуле берген разы боп алтын Қүнге алып.

Көкжиек қас қарая күнді еңсереді,
Қараңғыға малынған жер теңселеді.
Көк аспанның төсінде үркер дірілдеп,
Жылт-жылт етіп сыланып ол белсенеді.

Дүние-ай мына әлем неткен сұлу ед.
Сұлулығы кез-келген жерден көрінед.
Бұл әлемді жаратқан Кім деп ойласам,
Ыстық жасым тамшылап жерге төгілед.

Бәлкім

                                                                       Білсең білгеніңді істемегеніңе,
                                                                     Білмесең ақылды жұмсамағаныңа жауаптысың.
                                                                                                                                   (Автор)

Бәлкім менің өмірімнің ұсқыны,
Сай келмейді Жаратушы күшке ұлы.
Бірақ менің жүрегімнің ішінде
Сақтаулы тұр ақиқаттың ыстығы.

Менің кейпім ұқсамайды адамға,
Ұқсамайды және соқыр наданға.
Бірақ менің жүрегімнің ішінде,
Сақтаулы нұр жарық шашар ғаламға.

Қырағы бол шайтан салған сөзге ерме,
Адамдықты ту ғып ұста өзгерме.
Жалбарынғын Жаратушы Хаққа ұлы
Мидың ішін шайтан сөзі кезгенде.

Қырағы бол шайтан салған ойға ерме,
Надандыққа, жамандыққа бой берме.
Шынайылық, шынайы үміт жарығың,
Жаман ойды жарығыңмен жой демде.

Бірақ менің бар айтарым бұл емес,
Өмір деген- өтпелі сәт, ұлы егес.
Ақиқаттың шырмауына жармасқын,
Хақтан өзге ештеңе де шын емес.

Адалдықпен ақиқат һәм ар ұста,
Берілмегін жалған, соқыр намысқа.
Адамдықты қолдан келсе ұстап бақ,
Жамандықты шамаң келсе жанышта.

Қылығыңды құмарыңа құл қылма,
Онда жаным кетті дей құрдымға.

Әлем дұға оқиды.


Хақ сәулесі төгіліп,
Аспаннан жарық сорғалар.
Түн көбесі сөгіліп,
Төбемде күн домалар.

Күн батар да, қайтадан,
Түн қаусырар әлемді.
Бар әлемді шайқаған,
Еске аламын Егемді.

Түн қабағы қатқанда,
Жұлдыз өрнек тоқиды.
Бар адамзат жатқанда,
Әлем дұға оқиды.

Үркер көктің жүрегі
Сияқтанып дірілдейд.
Бәрінің Хақ тілегі
Адамзатқа ол білінбейд.

Ай домалап барады,
Бетінде екі-үш дағы бар.
Екі-үш жұлдыз ағады,

Шығар-шықпас жаны бар.



ЕҢ ТАР ҚАПАС -  ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ ҚАПАСЫ,
ҚИЫН МАТАС ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ МАТАСЫ.
БІР АЛЛАДАН  ӨЗГЕ КҮШКЕ СЫЙЫНУ-
ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ АТАСЫ.

ИМАН- НҰРЛЫ ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРЫҒЫҢ.
ҰЛЫ БАҚЫТ -ЖАРАТҚАНДЫ ТАНУЫҢ.
ІБІЛІСТІҢ ДҰШПАНДЫҒЫН ТҮСІНІП,
БІР АЛЛАҺНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН АЛУЫҢ.

АДАМДЫҚТЫҢ АЙТАЙЫН БА БИІГІН?!
ОЛ- АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕНДЕРІН СҮЮІҢ.
ЖАРАТҚАННЫҢ ЖЕК КӨРГЕНІН ЖЕК КӨРІП,
ҚҰМАРЫҢА ҚҰЛ БОЛУДЫ ТЫЮЫҢ.

ЖАРАТҚАНҒА СЕНСЕҢ ҒАНА ТІРІСІҢ,
ҚҰМАРЛЫҚТЫ ЖЕҢСЕҢ ҒАНА ІРІСІҢ.
АҚИҚАТҚА ЕРСЕҢ ҒАНА ҰЛЫСЫҢ.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ



            (ЛЕРМОНТОВТАН)

Өмірдің сұмдық расында
Жалғыз өткізген сәттері.
Қуансаң бәрі қасыңда,
Қайғырсаң досың жоқ тегі.

Жалқымын мұнда мен зарлы,
Қайғы, мұң қысқан жанымды.
Тағдырға мойын ұсынған
Өткен күн бейне сағымды.

Келеді қайтып сол жылдар
Алтындай ескі арманмен.
Қазулы көрім алдымда
Не табам жерде қалғанмен.

Ол үшін ешкім құлазып,
Жыламас кәміл сенімім.
Туылғанымнан да әрі асып,
Қуантар менің өлімім.



Найзағайдың жарқылында,
Аққан судың сарқылында,
өнеге бар ұққанға.

Шыққан күннің батуында,
Оның қайтып атуында.
өнеге бар ұққанға.

Жасыл шөптің шығуында,
Оның шіріп құруында
өнеге бар ұққанға.

Туған жанның өлуінде
Шырағының сөнуінде
өнеге бар ұққанға.

Найзағайдың күркірінде,
Тамшылардың сіркірінде
Ақиқаттан хабар бар.

Осыларды ұға алмасаң,
Үдесінен шыға алмасаң
Оған қандай амал бар?!

Жаурадым жарық күн ішінде.


Білмеймін кінәлап кімді,
Келеді кімге наз артқым.
Дей алман жүрегімді,
Күнәдан мүлде тазарттым.

Отымды ойымдағы өшкен,
Жүректе маздатып жақсам.
Алқынып арманмен тілдескен,
Қиялға қырындап бақсам.

Сонда мен ұмытып бәрін,
Түкірсем мына жалғанға.
Заманның жырламай зарын,
Жыласам жалғыз қалғанда.

Жаным-ай жарасы ашылған,
Жаурадым жарық күн ішінде.
Жүрекке зіл боп басылған,
Жырларым тулайды ішімде.

Жетімнің мұңы.


Мұңы бар көздің қарашы,
Көмескі боп тұр қарасы.
Жанын жеген жарасы,
Өмірге айтқан наласы:

Салқын үй, салқын адамдар,
Ызғарлы, суық қоғам бар.
Тыңдаңдар мені , достарым,
Сендерге айтар налам бар:

Мені де адам санаңдар,
Адам деп маған қараңдар.
Адамға мені балаңдар,
Ақ жүрек, арлы  адамдар.

Тастады мені анашым,
Жаулаған арақ санасын.
Жануарлар да далаға
Тастамайды екен баласын.

Жайым бар менің езілген,
Мөлдір жас тамар көзімнен.
Қалайша анам айрылған,
Аналық асқақ сезімнен.


Мұңы бар көздің қарашы,
Көмескі боп тұр қарасы.

Күз


Сурет – күңгірт,
Әуен – жым-жырт.
Күз бен дала
Сәнсіз сұрғылт.
Сурет- сәнсіз,
Әуен - әнсіз.
Түссіз бояу,
Мұңсыз, мәнсіз.

Қыз да – арман,
Сезім жанған.
Әлсіз үміт
Нәр сыза алған.
Арман, арман,
Дүние жалған.
Бал бала шақ
Артта қалған.

Үмітті үзбе,
Күдікті үз де.
Жан тәнді апар
Келер күзге.

Әлем-әуе.
Күн - дүр сәуе.
Жанағ бір жан
Мыңнан мәуе.
Күлкі- жеңіл,
Сыңай- көңіл.
Сізді, бізді,
Сынайды өмір.

Алыс – арман,
Жақын- жалған.

Жым-жырыт- күңгірт,
Шу да сұрғылт.
Күңгірт күнді,
Қара түн құрт.

Әуен баяу,
Қара жаяу.
Қараша. Күз.
Қысқа таяу.

Мендегі үміт өзгеше.


Жанарымнан от ұшты.
Көңіл мен пәпсі соғысты.
Мен тұрған жер от үсті,
Жүректен әсем тоты ұшты,
Тоты көлден от ішті.

Жанарыма қайрат бер,
Тотым көлден сайрап кел.

Күн көңілге із салды,
Мұң жүрекке мұз салды.

Әлем  күлді мысқылмен
Ызғарлы леп ұшты үннен.
Санадағы сары уайым
Сергелдеңге түстім мен.

Құлағыма келді үнің,
Маған медет бер бүгін.
Көңіліммен шерлімін,
Жүрегіммен зерлімін.

Талайыма таң болман,
Мен бір жан ем паң болған.
Алыстағы сағымнан
Арманымды аңғарғам.

Қалауыңды айт арман,
Меселіңді қайтарман.
Сағым түсті сары уайым
Жалқындайын жайқалған.

Құшағыңды аш арман,
Қара жерден ас алған.
Жанарымда мөлдір жас
Қай мұңымды баса алған?!

Мендегі үміт өзгеше.

Мені де жаратты бір Алла


Сені де жаратты бір Алла.
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Жарықты беретін бір Алла
Жүректі көретін бір Алла
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Адамды жаратқан бір Алла
Ғаламды жаратқан бір Алла.
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Тәнге жан салатын бір Алла,
Жаныңды алатын бір Алла.
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Жаныңды алатын бір Алла,
Сұрауды салатын бір Алла.
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Жәннатқа бастайтын бір Алла,
Тозаққа тастайтын бір Алла.
Сөзіме күмәнің болса егер,
Үңіліп қарашы Құранға.

Мені де жаратты бір Алла
Сені де жаратты бір Алла.
Ойымнан шығарған сөз емес,
Осылай жазылған Құранда.

Сағындым.


Сағындым жаным, сағындым сені сағындым,
Аллаға сені аман болса деп жалындым.
Өзгелік емес, өзімдік болса деп тілеп,
Көзіммен жасқа жүрекпен мұңға малындым.

Жыладым жаным сағынып сені жыладым,
Алладан сені мендік болса деп сұрадым.
Әлдебір күдік әлімді менің құртса да,
Өзіңсіз мүлде келмейді менің құлағым.

Аңсадым сені сағынып жаным аңсадым,
Басымда менің торлаған бұлттай қанша мұң.
Үміттер арай күндерге қарай шақырса,
Күдіктер жатыр сезімге сұғып саусағын.

Дегенмен жаным өзіңді сүйдім жүрекпен,
Өмір сүремін сен мендік деген тілекпен.
Сағынтсаң сағынт, әйтеуір бір күн алдыма,
Естіртші келіп жүрегің үнін дір еткен.

Сырым осы құбылған.


Суылдаған қоңыр құм,
Сыбыллаған қоңыр жел.
Сая таппай сандалған
Сабырсыз бір сорлы ер.
Сыңсу, сыңсу сыңсулар,
Сыңсуында мың сыр бар.
Сары уайым санамда,
Саялайды ол нені?
Сыбырлауық, жылауық сыр
Сыбырлайды. Өледі.
Сорлы күдік сызылып,
Сылаңдайды, жылайды,
Сау басына сақина
Сыбырымен сұрайды.
Солқылдаған көк шыбық
Солқылдайды солады.
Санадағы уайымды
Сыбырымен сорады.
Сайдың тасы домалап,
Сындырады , зырлайды.
Салдыр-салдыр даусымен,
Сайдың сырын ұрлаййды.
Сай жылайды, жылайды,
Сай сүйегі сырқырап.
Сайдың түбін қара тас
сүйемін деп ынтығад.
Самал ессе санама
Сыр сыйласа тұңғиық.
Сыр ұрлаған сорлылар
Сөйлер еді жымиып.
Мен- бүлінген бүлдіршін,
Солғын тартқан сұрша бұлт.
Сыбырлаған қоңыр жел,
Солқылдаған көк шыбық.
Солғын тартқан сұрша бұлт
Себелейді ақ жаңбыр.
Сіркіреген тамшыңмен,
Сорлыларды таңқалдыр.
Сая іздедім сабылып,
Зая кетті бар үміт.
Сүйенішім біл Аллаһ
Сені іздедім қамығып.
Субһаналлаһ, субһан,
Сырым осы құбылған.
Сандалмамен күн өтті-ау,
Субһаналлаһ, субһан.

Томаға тұйықпын


Томаға тұйықпын,
Мен өзі жүректің түбінен өртеніп шыққан күйікпін.
Талықсып барып, талмай қалған жайым бар,
Солай, мен сондаймын сүйіктім.

Сен менің асыл сәттерімнің куәсі,
Сен менің өртенген күндерімнің куәсі.
Жүрегіңмен жанымды түсін де жылашы,
Жүрегіңмен жанымды түсін де бәріне шыдашы.

Аяулым, сен менің айым ба едің,
Сен менің басымдағы уайым ба едің?
Мен мынау тасбауыр дүниенің тасбауыр перзентімін,
Болды осы, бары осы, дәл осы жайым менің.

Жанымның ішін жарып бір ызғарлы үн шықты,
Ызғарын шашып, ырқынан тасып ақыры тұншықты.
Дауылдың күші бар оның бойында,
Түсінбейсіңдер сендер жанымды дауылдай ауыр мұң сықты.

Тасып барады мұңым, тасып барады биік кемерінен асып,
Жүрегім менің тереңін жарып шыққан өнеріне ғашық.
Жанымның тереңінде алай-дүлей бір соғыс боп жатыр,
Жайқалар күні болады оның да желегін шашып.

Жайқалады ол әлі желегін шашады
Оқығандар жүрегінің желігін басады.
Өлеңім осы –Алланың сыйы, ұлы Алланың сыйы,
Болды енді тоқтайын көңілім босады.

Тарпаң бір мінез бар оның күшінде долы,
Жүрегінің ішінде өртеніп жүргендер түсінеді оны.
Асаулар ғана түсінеді оны, Алланың құлдары ғана түсінеді оны.
Әлемге дархан даладай бір сыйлық қой Алланың жолы.

Ақылдың нұрлы асын ішейік кел, досым, келші,
Сен менің өлеңімді оқып жүрегіме енші.
Жалындап барып, жалындап жанып, дамылдап та алам азырақ,
Өлген соң қайта жалындап жану немесе дамылдап бағу бар сен, досым, сенші.

Тасынып барып, талықсып қалам кейде мен,
Жүрегім жанбай еріннің сөзін сөйлемен.
Жалғанда мынау желігіп кетем кейде мен,
Жалғаннан мынау жерініп кетем кейде мен,
Жатырдан шығып жалаңаш күйде жалғанға,Кетем бе бір күн жалаң бір қабат жейдемен.

ҮН

  (Лермонтовтан)

Бұл қандай үн? Қимылсыз
Тостым құлақ тәтті үнге.
Мәңгілікті, өзімді-өзім
Ұмыттым да еліттім мен.

Жаратушым!
Бұл неткен үн түс пе, өң бе?
Жүрек ынтызар.
Жолаушыдай елсіз шөлде
Суға болған зар.

Тәтті елесін өткенімнің,
Оятты олар жанымда.
Ақ көйлегін дертті өмірдің
кигізбекші, бірақ өмір жоқ қой маңымда.

Осы үндер маған қымбат
Сұлу күйге енді.
Қоштасудың зарын тыңдап,
Жаным күйді енді.

Өткен күйге жиі енемін,
Уын сезіне.
Тағы ойша сүйенемін
Жұрттың сөзіне.




 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу