Жастар шығармашылығы

Untitled Document


Сарыбаев Қанат



       1991 жылы 29-тамызда ОҚО Төле би ауданы, Айту би ауылында дүниеге келген.  Мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. Көптеген облыстық, аймақтық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жеңімпазы. «Үздік жас ақын», «Үздік көркем сөз оқу шебері», «Ең үздік жүргізуші» номинацияларының иегері. «Қарлығаш жыр кеудем де қанат қақсын» атты жыр жинағының авторы.


Шығармалары




ЖАУҚАЗЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАЙДЫ

Ауырып жүрек жылайды,
Тәңірден саулық сұрайды.
Халқым деп ғана халқым деп,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Жүрегім бүгін мұңайды,
Дәрменсіз адам сыңайлы.
Қиындық - қылыш мойымай,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Тоқтамай уақыт зулайды,
Өткізіп қанша мың айды.
Емдеуге жанның жарасын,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Өмірім толы мұң- қайғы,
Теңіздей толқып тулайды.
Ағысы асау өзендей,
Жауқазын жүрек жырлайды.


ПОЭЗИЯ

Поэзия өмірімнің бар мәні,
Поэзия жүрек қалау арманы.
Поэзия жастығымның жалауы,
Поэзия Муза ағаның алауы.

Поэзия батпан байлық халқымда,
Поэзия атқан таңдай  жарқылда.
Поэзия арқа сүйер нар тұлға,
Муза ағаның ізбасары артында.

Сезімдерге берілген сан ойларым,
Енді ғана мен өлеңге бойладым.
Өмірімнің бір бөлшегі ретінде,
Поэзия сені мәңгі қойғанмын!

Шабытым мен маржан жырым өрілген,
Мен де бір күн орын алсам төріңнен.
Ақиқатқа айналдырып жалғанды,
Армандардың асқары боп көрінген.


МЕН АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫМЫН ЖЫРДЫ СҮЙГЕН

Тыңда оқырман,
Құлақ салғың ниетпен
Жыр төгеді
Жас ақының жүректен.
Алла берген тұншықтырмай дарынды.
Өнерім мен өмірімді бір еткен

Ең әуелі Алла деп жыр жазайын,
Оқуға оқырманым болса дайын.
Қанатымды қағып мен биіктерге,
Қара өлең қазынам деп жар салайын.

Ұранымды көтердім бір Алла деп,
Жазған жырым халқыма ұнар ма деп
Жаратқаным жар болсын төбемдегі,
Ел алдына шыққан соң жыр алам деп.

Мен өзімді алғыр ақын демес едім,
Жай ғана қара өлеңмен кеңесемін.
Алла жазса әліде маңдайыма,
Азулы ақындармен теңесермін.

Өлең жазу өмірлік ұрандарым,
Қанатын қағып келед қырандарың.
Алланың нұры жаусын баршаңызға,
Осылай жүрегімнен жыр арнадым.

Қарлығаш жыр кеудем де қанат қақсын,
Жұрттың бәрі аузыма қарап бақсын.
Алла берген ақындық өнерімді,
Халқымның керегіне жаратпақпын


ӨЛЕҢІМ САҒАН ҒАНА БАС ҰРАМЫН

Өлеңім саған ғана бас ұрамын,
Шабытпен мерейіңді асырамын.
Ойларымды жырменен өрнектемей,
Қалайша, жүрек сырын жасырамын.

Мен де өлеңге ұмтылатын бір ақын,
Алла атымен алға қойған мұратым.
Поэзия өмірімнің бөлшегі,
Жүрегімде жаңғырығы тұратын.


ҚАМҚОРЫМ ӘКЕ, АЯУЛЫ АНА

Асқар тау әке, аяулы алтын анашым,
Жүректе ләйім өшпестей болып жанасың.
Перзентің болып, артыңнан ерген мен сенің,
Жаныма жақын ата – атам болып қаласың.

Тағдырға жоқ қой, тағдырға жоқ қой таласым,
Жазалмай жүрмін жанымның ауыр жарасын.
Ата- анаңдай қамқор болар жандарды,
Бұл жалғанда іздесең қайдан табасың?

Қамқорым әке, аяулы анам қайдасың,
Ұрпағың болып ізіңді ұлың жалғасын
Жетімнің жанын кім ұғар дейсің, кім сезер,
Ойлайды екен әркімдер өз пайдасын.

Сыр менен мұңды кімдерге енді шертемін,
Сағынышпенен өтіп жатыр күндерім.
«Балам» деген бір ауыз сөзге зар болып,
Қиын боп жүр-ау, жағдайын білсең еркенің.


АНА ҚҰШАҒЫН АҢСАУ

Көзіме ана тоқтаусыз келді жас бүгін,
Артыңнан еріп келеді міне жас буын.
Анаға деген сағыныш тербеп жүректі,
Есіміңді жан ана ұлың сенің жыр етті.

Келдім ана бүгін бейіт басыңа,
Көз жасымды тиялмаймын тұрмын қасыңда.
Әміріне амал барма Алланың,
Жетім қалдым он бес жасымда.

Жасымыздан бізді аялап өсірді,
Он бесімде тағдыр жолым шешілді,
Енді кімге жеті ұл қыз айтамыз
Ана деген аяулы бір есімді.

Келмеске ана кеттің ау сен сағымдай,
Сен кеткелі жарамда жүр жазылмай.
Арамыздан кеткеніңе төрт жыл жүзі толсада,
Сағыныштың жүр ғой мауқы басылмай.

Сағындым мен сағындым мен анамды,
Кім емдейді, кім жазады
Жанымдағы жараны?
Қалай жетем мен биікке анасыз?
Қанаты жоқ құс болдым ау жаралы.

Тоңып жүрмін жан ана мен суыққа,
Ағайыннан қалды көңіл суыпта.
Жабырқаулы жаурап жүрген жанымды.
О тәңірім одан әрі суытпа.

Амалым жоқ тағдырыма бағынамын,
Күн сайын мен анамды сағынамын.
Алладан әмір келіп ажал жетсе
Жан ана мен жаныңнан табыламын.

Ана сенсіз бақытты таң атпаған,
Қиын өмір шығармады- ау қақпадан.
Қымбатымсың, жанашырым жалғанда,
Мен өзіңді жүрегіме сақтағам.


ЖЕТІМЕК ҚЫЛЫП ТАҒДЫРЫМ...

Табалмайсың- ау анадан артық асыл жан,
Қиналған да кім табылар екен қасымнан.
Өмірдің талай оқпағымен белесін,
Өткізіп келем шарадай ғана басымнан.

Көңілім бүгін құлазып тағы жасыған,
Айталмай сырды шабытым бүгін тасыған.
Жетімдік өмір көрсетіп жатыр көресін,
Жағдайым қиын,  халқымнан несін жасырам.

Айласын тағдыр түлкі боп маған асырған,
Алыстан емес, табылар дұшпан қасыңнан.
Тағдырым мені еркелет педі – ау  қайтейін.
Анамдай болып кім сипайды екен басымнан?

Атқызам кейде ұйқысыз талай ақ таңды,
Досты да көрдім,  досым деп жүріп сатқанды.
Ауырып жаным, қиналып тағат таппастан,
Жаралы жүрек бар сырын жырмен ақтарды.

Өткіздік талай сындарлы қиын шақтарды,
Дұшпаным қойды – ау  алдымнан менің қақпанды.
Жеңгемен аға қыспаған көріп бұл ақын,
Жоғалып тағы жоқ боп кетуге де шақ қалды.

Ауырлау болды- ау жетімдік өмір салмағы.
Мойымай бұған көтеріп өтсем болғаны.
Көре алмаған дұшпанның күйсін іштері
Көрерсіңдер болармын өнер  саңлағы.
Аялап мені әлпештеп қорғап өсірген
Ата – анамның  орындалса болды арманы.

Кезім көп талай таңдарды жылап атырған,
Жаныма жақын шабытты сонда шақырғам.
Қиналып жүрмін жалған да ана қайтейін,
Жетімек өмір тырнағын маған батырған.

Жанарға кейде тамшы жас тұнып тұрады,
Тағдырдың  көп қой сан – сауалымен сұрағы.
Бақытқа қанша талпынсам дағы жетем деп,
Жетімдік тағдыр арылмай менен жүр әлі.

Халқым үшін қиындықтарда тосқауыл болып тұрамын.
Еліме ғана арналар, жүректен шыққан жыр әнім.
Жетермін алда мұрат пен арманға өзім көздеген,
Ауызымда Аллам, жүректе иман, жанымда болса Құраным.


АҚЫН, АҚЫН БОЛА МА?

Ақын, ақын бола ма
Құлагердей шаппаса?
Ақын, ақын бола ма
Шындықты ашып айтпаса?
Ақын, ақын бола ма
Қанатын сермеп қақпаса?
Ақын, ақын бола ма
Біреудің сөзін жаттаса?
Ақын, ақын бола ма
Арайлы таң боп атпаса?
Ақын, ақын бола ма
Жамандықты жақтаса?
Ақын, ақын бола ма
Елі үшін жыр боп ақпаса?
Ақын, ақын бола ма
Тұмарғып өлең тақпаса?
Ақын, ақын бола ма
Халқы бір сенім артпаса?


АҚЫНДАРҒА

Мақтанышы атанатын өңірде,
Адалдықтан басқасы жоқ көңілде.
Қиыны мен қызығы бар өнердің,
Ақындардың бәрі жалғыз өмірде.

Ақын деген шындықтың бір бұлағы,
Ақын деген туған жердің ұланы.
Мына өмірдің қиынына мойымай,
Елім деумен көтерілген ұраны.

Ақындардың жетілгесін қанаты,
Мәңгілікке биік ұшып талмасын.
Жүректегі сырға толы жырларын,
Дүйім елдің қажетіне арнасын.


АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ

Таң атып күннің нұры шашылады,
Гүлдері бүршік атып ашылады.
Әсем болып тербелген самал желі,
Бірақ сәтте ұйқымды қашырады.

Төлебидің орын алған төр басынан,
Танылған небір жүйрік жорғасынан.
Ауылым Айту бабам өскен жері,
Саған арнап бұл ұлың жолдасын ән.

Ауылым бізге сенім құлатпады,
Көңілім саған ғана тұрақтады.
Сенен шыққан ғалымда, даналарда,
Ашылған небір өнер бұлақтары.

Бірлігіміз жарасқан, бұзылмаған қаймағы,
Бұл бірліктің қариялар айғағы.
Қоңырбөрік бұл ауылым білсеңіз,
Тау бөктері, өзен тоғай аймағы.

Өзің деп жыр жазамын, ән саламын,
Тамаша табиғатың тамсанамын.
Қоңырбөрік ауылым алтын бесік,                                                                    
Алыстасам тек сенсің аңсағаным.

Еске аламын бабаларды кешегі,
Еңбегі бар еленетін еселі.
Қасиетті бабалардың рухына,
Ұрпақтарың мәңгі тағзым етеді.

Риза болса Айту би баба әруағы,
Шөберең әлі биіктен танылады.
Тұғырлы туған жерім бұл ауылым,
Ұлы жүз Албан, Қоңырбөріктердің шаңырағы.

Ауылдың маңы аршаға толы шыршаға,
Өкінбес адам ауылға келіп қалсада.
Ауасы жанға шипа бір болған ауылым,
Нұр шашып тұрар көктегі күн баршаға.

Бабалардың дәстүрін сақтап өтем,
Бастырмаймын пейілі жатқа бөтен.
Киелі бабаларым жатқан жерім,
Мен әрқашан өзіңді мақтан етем.


АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ

Мектебім алтын ұямсың,
Жүрегіме бар нәрсені құярсың.
Білім нәрмен сусындатқан шәкіртті,
Мектебім алтын ұямсың.

Білім теңіз мектеп деген кемесі,
Парасат пен алынатын белесі.
Асыл мектеп қалды сенің партаңда,
Балалықтың, балғын шақтың елесі.

Балалығым қалды сенің жаныңда,
Шабытым бір шырқап енді жалында.
Ештеңеде ұмытылмас бүгінде,
Мәңгілікке  қаласың сен жанымда

Сен бастадың талайлардың қадамын,
Сені ойласам жарқылдайды жанарым.
Ұстаздарым өнегелі өмірі.
Есейсем де сені есіме аламын.


ҚАЗАҒЫМА

Қазақ деген атымыз бар қайсарлы,
Ата-бабам болды емеспе байсалды.
Өсек пенен өтірікке бет бұрып,
Бұл қазағым ұмытқандай жайсаңды.

Өсек айту халқыма жараспайды,
Өсек деген шындыққа жанаспайды.
Өсек айтып күндесең бір-біріңді,
Ақын жыры мұныңмен таласпайды.

Өсек айту ол күнә ауыр азап,
Қазағым қашанғы енді болар мазақ.
Оян қазақ, көзіңді аш, көтер басты,
Бұл жайында жырлаған ақын азақ.

Білсеңіз ақын босқа жырламайды,
Ертеңгі өміріңде болар қайғы.
Өсек айтып күндесек бірімізді,
Басымызда бақ мәңгі тұралмайды.

Бірің жүрсің байларға жағымданып,
Бірің жүрсің өсекте майың таңып.
Бірің жүрсің дін менен тілден безіп,
Бұл ісіңмен боларсың бірде майып.


НЕ ЖАЗЫҒЫ БАР ЕДІ ОЛ ЖЕТІМНІҢ...

Ақиқатты ашып айтар күн бүгін,
Болған жайдың жазайыншы шындығын.
Шыдаса да пенде тағдыр тезіне,
Айтайыншы бір оқиға сұмдығын.

Силы еді ағайын мен бауырға,
Байлыға мен мәшһүр болған қауымға.
Жетім қызға қой бақтырып зәбірлеп,
Обалына қалуыңыз ауырма.

Қалың жұрттың қашырмаңыз ырысын,
Байлығыңмен кеңеймейді тынысың.
Ойламаңыз ақшаменен жабам деп,
Әлі талай жауап берерсіз бұл үшін.

Ісіңіз бар ел алдында бітпеген,
Әлі бәрі аяқталмас нүктемен.
Елдің сөзін сөйлер сіздей ақыннан,
Қалың жұртың азғындықты күтпеген.

Қалдыңыз ғой жетімнің көз жасына,
Жол ашыңыз тағдыры тозбасына.
Кім кепіл сол арудың бір күндері,
Сізден де асқақ болып озбасына.

Тәубесіне келер деп мен келемін,
Шындықты ашып айтуды меңгеремін.
Тірісінде жасаған әр тірлікке,
Аллаға есеп берер пенделерім.

Жетімдікпен ашқан өмір есігін,
Бермесінші енді тағдыр кесірін.
Қазақ деген қашаннан да ел едік,
Жылатпаған жетім мен жесірін.


КІТАПХАНА БІЛІМНІҢ ШАМ - ШЫРАҒЫ

Білім байлық пендедегі жарасым,
Көтерейік оның биік бағасын.
Не керектің іздесеңіз барлығын,
Жақын досың кітаптардан табасың.

Алға басқан қадамынан таймасын,
Иран бақтай көктемдегі жайнасын.
Ұрпақтарға үйретуді өткенді,
Тарих ізі кітаптарда сайрасын.

Алақанда аялайық ардақтап,
Көрген дұшпан іші күйіп қайнасын.
Ағайындар алмайықшы сындырып,
Кітапхана әдебиеттің айнасын.

Жақсы, жаман деп бөлместен сұрыптай,
Жүрейікші қазынаны ұмытпай.
Кітапхана қасиетті мекен ғой,
Сол мекенді жүрейікші ұлықтай.

Көпшілікті мейірімге бөледің,
Еңбектерін көп зейнетке теңедім.
Кітапханашы апайларым бір төбе,
Оқырманнан аямаған көмегін.

Бізді жақсы жолға апарар жетегі,
Ол болмаса өмір мәні кетеді.
Ғасырлардан ғасырларға жеткізген,
Кітапхана кітаптардың мекені.


ШЫМЫЛДЫҒЫ ШЫНДЫҚТЫҢ

Тереңнен сезім толғау керек екен,
Тұлғасы біздер үшін бөлек екен.
«Шымкент келбеті» атты бұл газетті,
Барша жұрт, қалың қазақ біледі екен.

Газетімнің 20-жылдық мерекесі,
Шымқала құт қондырған ел еркесі.
Өзіңе арнап мерейлі мерекеңде,
Өлеңмен өрнектесін жыр серкесі.

Жазған әрбір мақаласы әсерледі,
Шешіп берген түйткілді мәселені.
Шымылдығын шындықтың ашып берген,
Аман болсын  бұл газеттің тілшілері.

Шымқаладан бұлақ басын бастадың,
Ақиқатты жазудан еш қашпадың.                                                                  
Жанам деген жүректерге от беріп,
Бағындырып талай шыңның асқарын.

Оқырманға көп қой әлі берерің,
Шымқалада биік сенің беделің.
Мәңгі жасап тұруыңды газетім,
Тәңірімнен жырмен жазып тіледім.

Осында еңбек етер заңғарларым,
Әлі көп асуы бар аңғарғаным.
«Шымкенттің келбеті» жасай берсін,
Көрсетіп әділдікті жалғанға бұл.


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІМ ЖАСА МӘҢГІ

Асқар таудың паналаған етегін,
Туған жерім қазақ елі мекенім.
Талай-талай, қилы-қилы кезеңде,
Дәлелдеді қазағым тәуелсіз ел екенін.

Қасиетті, қазыналы қазағым,
Жазықсыздан құрбаны болды жазаның.
Тәуелсіз ел атандық қой біз бүгін,
Жаратқан Алла бізге салып назарын.

Желбіреп туым, шырқалды міне ән ұран,
Азаттық күні жарқырап қазақ таңынан.
Еске алған да желтоқсанның құрбанын,
Құлазып көңіл, елжіреп жүрек жабығам.

Батыр елім, ақын елім қазағым,
Табылған тек тұла бойдан таза мін.
Біле- білсең бұл күндері расында,
Қасиетті қазақ деген таза ұғым.

Білімді ұрпақ тәуелсіз ел тірегі,
Бар қазақтың тәуелсіздік тілегі.
Елім, жерім, ұрпағым деп тек қана,
Соғып тұрсын әр қазақтың жүрегі.
Қазақ елі жаса мәңгі жасай бер,
Бейбіт өмір болып тұрсын үнемі.


АБАЙҒА АРНАУ

Абай баба айтар менің жыр әнім,
Мен өзіңдеп жалын жырды құрадым.
165-жыл мерей мына тойыңда,
Өлең жазбай қалай үнсіз тұрамын.

Абай баба данышпансың, данасың,
Жүрегімде жалын от боп жанасың.
Оның әрбір жазған жалын жырынан,
Оқысаңыз зор ғибрат аласың.

Келдім баба сырды саған төккелі,
Жағдайым бар қоғамыма өкпелі.
Ана тілдің көтерілсе екен деп байрағы,
Тәңірімнен тілеп жүрмін көктегі.

Не көрмеген қайран қазақ ел еді,
Шырқырап бір шындық айтқым келеді.
Қазақ тілін, ислам дінін ұмытса.
Бұл қазақтың қалай өсер өркені?
Қасиетті қазақ деген халықта,
Жамандықтың алауы қашан өшеді.
Барша қазақ қазақ тілде сөйлеуге,
Айтшы бабам қай заманда көшеді?!


АРНАУ
/Қабылбек Төретайұлының 60-жылдығына/

Ашылғандай көктемгі қырдың гүлі,
Адуынды ақындар жырдың пірі.
Өлең десе асында жерге қойған,
Аманбысың, өнер сүйген жырдың елі.

Ақын жанын сіздей аға кім ойласын,
Ұрпақ оқып жырыңызды бойласын.
Қабыл аға құтты болып жыр кешің,
Сіз жайында бұл ініңіз толғасын.

Көп болды аға сізді де көрмегелі,
Сағынып жүр өзіңді жырдың елі.
Қолымыздан түспейді кітаптарың,
Осы болар жырыңның өрлегені.

Ақын деген қасиетті айбарлы есім,
Бақытыңды беу аға Алла берсін.
Өзіңіздей нар тұлға азаматтың,
Жырыңызды ұрпағың жалғап өрсін.

Бағындырып талай белес асқарларын,
Нық басыпсыз ақындық баспалдағын.
Бергеніңнен берерің көп қой бізге,
Жырларың талай жанның ашқан бағын.

Нұрын шашсын атқан таңы арайдың,
Өзіңізге жыр жазатын келді кезі орайдың.
Сіздің әрбір тағлымы мол жырыңыз,
Жүрегінде сақталады талайдың.

Төлебидің түлеп ұшқан қыранымын,
Өзіңізді пір тұтам жыр алыбым.
Қабыл аға аумин деп батаңды бер,
Жолыңызды қуатын ұланыңмын.

Алтын той тойлап жатса бұл ағамыз,
Қалайша арнау жазбай жүре аламыз.
Қабылбектей ағамыздың барлығына,
Аллаға шүкір айтып қуанамыз.


АРНАУ

/Дана халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» - деп тегін айтпаса керек. Адамзат баласының көзін ашып, болашағына нұрлы жол көрсететін ұстаздар қауымына біз қашан да қарыздармыз. Мен осынау жүрегімді  жарып ұшқан жырларымды «Жалын» әлеуметтік педагогикалық колледжінде  «Педагогика мен психология» пәндерінің аға оқытушысы болған, шәкіртінің жайын айтқызбай ұға білетін ұлағатты ұстаз Көшкінбаева Әсем Дүйсенқызының 1- наурыз күнгі туылған күнімен құттықтап, осы бір жүрек жарды лебізімді жеткізгім келеді/
Ең алғашқы күнінде туылыпсыз көктемнің,
Талай қиын белесті басыңыздан өткердің.
Бес күндік қой мына жалған дүние де,
Шаттық пенен бақытты боп өткергің.

Асыл болсын беу ұстазым мұратың,
Туған күнің мәңгі есте тұратын.
Қалам алып өзіңе жыр өрейін,
Шәкіртіңмін мен жолыңды қуатын.

Білімді жас тәрбиелеу басты арман,
Нағыз ақын, ғалым шығар жастардан.
Еңбегіңмен еленіп-ау ұстазым,
Аса бергің жұрт аспаған асқардан.

Шәкіртіңмін осы колледж түлегі,
Ұстазымның мейірімді жүрегі.
Айнымашы парасатты қалпыңнан,
Көктемдей боп жайнап жүрші үнемі.


ЖҮРЕГІМ СЕН ДЕП ЖЫРЛАЙДЫ

Жүрегім бір сені ойлаумен маздаған,
Мен өзіңді іштей ғана қызғанам.
Қанат қақса қарлығаш жыр кеудем де,
Саған арнап жазам жырды аздаған.

Жүрегімнің саған арнап жүз әнін,
Төгіледі көмейімнен мұң зарын.
Ғашық болып мен өзіңе шынайы,
Күйін кешіп отырмын ғой Музаның.
                                                              
Жүрегімнің сенен таптым бір емін,
Кімге керек жаралы менің жүрегім.
Іштей тынып сен жылаумен жүрген де,
Мен қалайша шаттанып бір күлемін.

Мен өзіңді әу бастан - ақ көздедім,
Өтті бастан қиналған сол кездерім.
Мен өзіңді мәңгі сүйем десем де,
Амал қанша бақытысың өзгенің.

Өткен күннен қалды маған елесің,
Міну қайда бізге бақыт кемесін.
Біз екеуміз бірге мәңгі болмаймыз,
Амалың жоқ тағдырыңа көнесің.

Ұсына алмай гүлін саған даланың,
Әттең, әттең мен армандап барамын.
Нұр төгіліп жүр еді ғой жүзіңнен,
Енді неге жабырқаулы қабағың.
Өкінгенмен өткен іске шара жоқ,
Жадыраумен күліп жүрсін жанарың.
Мені ойлама мені жоқ деп санағың.
Мен осылай жоқ күйімде қаламын.


СЫРЛАСУ

Мінезің ғой сенің қалқам салмақты,
Түсіне біл бар жағдайды жан-жақты.
Еркелетпей тағдыр мені расында
Ата- анамды алып кетіп жанымнан,
Жетім қылып, қозыдай бір зарлатты.
Ата- анам болмаған соң жанымда,
Жүрегімде бір жылы сөз қалмапты.

Білесің бе, сен мені сезесің бе?
Мен жаралған жан екем күресуге,
Күресумен әлі де мен келемін.
Мына өмірдің қиындық кемесінде,
Алла маған осылай жазды мекен,
Тағдырымның шағып жатыр,
Уланған шаяны мен кенесіде
Жаныма жалау болған анашымның.
Сағынып жүрмін тағы елесінде.


ӨЗІҢ ДЕП ЖАЗДЫМ СОҢҒЫ ЖЫР

Сағыныш оты маздаған,
Дәл өзіңнен басқаға
Жалындап жырды жазбағам.
Сағынғаннан өзіңді.
Өртене жаным жаздағам
Жұдырықтай жүрегімнен өзіңе,
Сағынышымды өлеңғып жаздым аздаған.

Қыр гүлін сен деп жиямын.
Өзің деп қана, өзің деп
Жыр болып ұшты қиялым.
Алладан медет тілейін
Бермесін саған зиянын.

Өзің едің ғой сырласым,
Білемін қалқам -  
Дәл өзіңдей асылжанның
Енді қайтып тумасын.
Амалым қанша, сала алмай қалдым.
Сезімнің сырлы сырғасын.

Өзің деп бастап жыр басын,
Жүрегім сен деп жырласын.
Тағдыр ғой, тағдыр қинаса,
Сені емес, мені қинасын.


БЕУ МАХАББАТ

Тағдыр, тағдыр
Қатал екен расында,
Сыр ашқан да сырласар
Жалын жырым
Болшы мәңгі қасымда.

Алай-дүлей сезім билеп,
Жыр шумағым басталды.
Менің сүйген
Мені сүйген арудың                                                                                            
Енді міне жай ғана
Бейнесі ғана расталды.

Жанымнан кетпес
Жүректен өшпес
Қаламап едім мұндайды.
Тағдырым неге?
Махаббат мені қинайды.
Жүрекке жара
Жаныма қара мұң салған.
Лағниет атсын
Махаббат деген арманды.

Мен үшін енді
Бәрі де елес
Сүйем деп атйқан сөздерің
Мен үшін енді мүмкінде емес,
Қол ұстамып жүрерім.
Жанымды менің жаралаған аруға.
Тек қана бақыт тіледім.

Бұлқынды жүрек
Тулады менің сезімім.
Өзіңде ғана
Махаббат отын сезіндім.
Мөлдіреген жүзімдей болған махаббат.
Қас-қағым сәтте
Көз алдымда үзілдің.

Мейлі, мейлі көнейін бәріне де,
Ұмытайын жаныңды тәніңді де.
Тек қана сүйгенім ау бақытты бол,
Осыны мен сұрайын тәңірден де.

Мен үшін енді өзгеге,
Жүректе орын табылмас.
Табылса да ол мейлі,
Сен салған жара жазылмас.


* * * * * * * * * *
Енді ғана болып еді, жаңа өмір бастағаным,
Құлпырып ем гүліндей астананың.
Мен өзіңді шынайы сүйіп едім.
Обалына қалдың-ау жас баланың.
Шын сүйгендер бір- бірін түсінер деп.
Сен маған айтпап педің асқаралым.                      
Өзге жанның бағы боп кете бардың,
Айтшы маған барма енді басқа амалым.


АРУЛАРҒА

Ару қыздар шырқағанда жыр әнін,
Шарықтатса шабыт құстың қыранын.
Төмендетпес бұл арулар әрқашан,
Өнер деген қасиетті ұранын.

Нұр көретін байқағанда жанарын,
Ана ізімен жалғастырған қадамын.
Аруларды көргенімді өз басым,
Тіл қаталмай үнсіз ғана қаламын.

Елеңдеткен жігіт жүректі бұлғаңын,
Күлкісін де сылдыры бар сырғаның.
Қара көзді қазағымның қыздарын,
Жүрекпенен тебірен жырладым.

Қыз деген ана, бағала оны бағала,
Жар болсыншы сендерге, Жаратқан Алла тағала,
Қадірлеп мәңгі аялап ұста оларды,
Қыз деген аққу қанатын қағар жағада.

Қасиетін бұл қыздардың ұғалық,
Жүретұғын әркезде де сыналып.
Ұйтқысы бор шаңырақта әр үйдің,
Түтіндерін жүрсін түзу шығарып.

Аққу болып көк аспанда самғасын,
Қанаттары ешқашан да талмасын.
Ару қыздар анасы боп Абайдың,
Зере, Ұлжанның алтын ізін жалғасын.


САҒЫНЫШ

Тағдыр қиын асырады айласын,
Шырмауына мейлі мені байласын.
Сағыныштың жетегінде мен жүрмін,
Ақ көгершін асыл құсым қайдасың.

Мен қашанғы отыра лам алаңсыз,
Өзің жоқта болғандаймын жарамсыз.
Қиындыққа қарсы жүзе білетін,
Қайда кеттің жаным менің хабарсыз.

Өлеңменен мен биікке самғайын,
Саған ғана жүрек жырын арнайын.
Өлеңменен сұрайыншы халіңді,
Қазір қалай, жақсыма жаным жағдайың.

Теңіздей толқып, тербелді менің жүрегім,
Өрнектеп жырмен жүректің жайдым кілемін.
Жүрегім соқса бір жан деп ғана соғады,
Сол жанды жаным өзің деп ғана білемін.

Құлпыра бер гүліндей қыр көктемнің,
Осы болар бір жас қосып бой жеткенің.
Ғашықтықтан қиналсада қанша жаным,
Жарамас көз жасымды көлдеткенім.


БҰЛ ЖҮРЕГІМ...

Бұл жүрегім
Не жыларын білмейді қуанарын,
Қалай сені өзгеге қияламын.
Жүрегімнен өзің деп жаздым жырды,
Тауысып қаламымның сияларын.
Мен сенің алдыңа кеп сөз айтуға.
Шынымды айтсам қысылам, ұяламын.
Махаббаттың керемет әлемінде,
Жанымды қинамашы сұранамын.


МАХАББАТ ЖАЙЛЫ ШОҚ ЖЫРЛАР

Білермедің сен қазір?
Қиналып жанның жатқанын.
Өзің деп бүгін жазайын,
Жүректе жырдың дастанын.
Өзің деп қана аяулым,
Соңғы бір жырды бастайын
Өзіңе арнап соңғы жыр
Жазудан жаным қашпайын.
Қуарып бара жатыр ғой
Екеуміз барған жас қайың


* * * * * * * * * *
Жүрегімді сен менің жараладың,
Артыңа бұрылыпта қарамадың.
Шын сүйгенің жаным-ау осы меді?
Халімді бір сұрауға жарамадың.

Мен жауапсыз махаббатты қаламадым,
Қайтейін көңілде жоқ қалағаным.
Өзіңді іздеп жарығым ала-сұрып,
Екеуміз барған бақты араладым.

Сен жайлы айтқым кеп тұрады,
Шабыттың шарықтап қыраны.
Өзіңді қимастан жүрегім,
Білсең ғой ауырып жүр әлі.


ДЕГЕН ШЫҒАРСЫҢ...

Бақыты болып өзгенің
Менің әлсіз жанымды
Қиналсын деген шығарсың
Ойламай кетіп сен мені
Ойласын деген шығарсың
Хабарсыз кетіп жарығым.
Ұмытсын деген шығарсың
Сағынбастан сен мені
Сағынсын деген шығарсың
Махаббаттың құзынан
Құласын деген шығарсың.
Жаралап кетіп жанымды
Ауырсын деген шығарсың
Ауыртып менің жанымды.
Шыдасын деген шығарсың
Өлеңге ған сен мені
Құмарсың деген шығарсың
Өзге бір жанға сен мені
Сыңарсың деген шығарсың
Ауыртып менің жанымды.
Жыласын деген шығарсың.


* * * * * * * * * *
Екі жаққа енді қалқам кетерміз
Амал қанша тағдыр жазса нетерміз
Мүмкін алда шын бақытқа жетерміз
Қос аққудай бірге болмас екенбіз

Тоқтап қалмас мұныменен кемеміз,
Жүрегімді жұлып алдың демеңіз
Бір болуды тағдыр бізге жазбапты,
Жазғанына бұл тағдырдың көнеміз.

Қиындықты енді жалғыз жеңерміз,
Айрылыссақта бір кемеде келеміз.
Жүрекпенен ұмытпастан сіз мені,
Арқа сүйер жан ағаға теңеңіз.
Сағыныштан құса болып өтерміз,
Шын жүрекпен сүйсек дағы амал не?
Енді екеуміз таныс емес бөтенбіз.


ҚАРЫНДАСҚА АҚ ТІЛЕК

(Осы бір өрнегімен өрілген өлеңдерімді менің өмірімді өзгертіп, жаныма жылулық, жүрекке сезім, қаламыма шабыт силаған,  махаббат бесігінде бірге тербелген, сол бір кездегі сүйіктім, бұл күнде аяулы қарындасыма айналған сол бір жанға арнаймын! )
Құлпырған қызғалтақтай нәзік гүлім,
Мен сенің алдыңда рас жазықтымын.
Қалдырайын мен саған қарындасым,
Жыр ұшқынын жүрекпен жазып бүгін.

Көмейімнен қара өлең төгіледі,
Сол бір шақ шын бақытты кезім еді.
Жан жүрегі сұлулықтан жаралған,
Қарындас деп ақын жүрек езіледі.

Мінгенім мен қайтейін, ақындықтың жорғасын,
Мен өзіңді боларма деп ем, өмірлік жарым жолдасым.
Алдыңнан ашсын бағыңды, қиялда кеткен ардағым,
Басыңнан кетпей бақ құсы, Жаратқан ием қолдасын.

Мендегі бір керемет күндер еді,
Бұл ақын тәтті сезім күйге енеді.
Қарындасқа жүрекпен арнау жазсам,
Көңілім көктемдей болып гүлденеді.

Ағытып өлең жырдың пернелерін,
Арнадым жүрегімнің термелерін.
Қыз Жібектей қанша ару болсадағы,
Оңтүстіктің аруы сендер едім.

Бұл өмірдің меңгер қалқам сабағын,
Ізін басшы аяулы жар боп анаңның.
Жаны нәзік, қадірлі қарындасым,
Саған қандай теңеу жаза аламын.

Ұқсатамын қыр гүліне даланың,
Өлеңменен емін таптым жарамның.
Саған  тілер шын жүректен тілегім,
Саңлағы бол өмір атты саланың.


 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу