Жастар шығармашылығы

 Untitled Document

Ақмарал Сбанбаева


       Сбанбаева Ақмарал Ақбалақызы 03.03.1992. І курс 310-20 тобы Сарыағаш ауданы, Дихан баба ауылы №17 Ы.Алтынсарин ат о/м













Шығармалары


Ұлы жеңіске 65 жыл

Тәуелсіздік туын көтеріп қазақта
Төздік талай қиындық пен азапқа.
65 жыл толыпты бүгін жеңіс туына
Төздік біз де сұрапыл соғыс уына.

Бауыржандай батырлар бар қазақта
Әлия, Мәншүк ерлерше майданда қан кешіп,
Өткізген күні тең келер қанды тозаққа.
Рухына ерлік берген осылар емес пе қазаққа.

Сан жылдар өтті бейбітшілік туына.
Сан жылдар өтті ұлы жеңіс туына.
Батыр әпке-ағалар еш тайсалмай,
Бейбіт елді тарту етті емес пе ұлыңа.

Қастерлейік, құрметтейік ардагер атты адамды.
Естен бір сәт қалдырмайық олар басқан
Батыл да батыр, жеңісті әрбір қадамды.
Өздерің жайлы жырлайды, ақынның бұл қаламы.

Отан үшін от кешкен, ардагерлер жасасын.
Кім өтейді өтеуін, әрбір қазақ қазасын?
Естен кетпес сыңсу, жоқтау, әрбір сөз
Ұмыта алмаспыз жас бала, сәби қазасын.

Бүгінде ардагерлер ұлы атамыз.
Күллі қазақ еліне таралыпты аты аңыз.
Терең ұғып түсінеміз ұлы жеңіс мәнісін.
Ардақтаймыз мәңгілік, ардагерді мақтан тұтамыз.

Ұлы жеңіс – абыройы мына ұлы Отанның
Сол Отанда қанат жайып тұрармын.
Ендігіде менің әрбір тілек арманым,
Бақытты боп, бейбіт Отанда мен тұрармын.

Жылдан-жылға өркендеп келер санамыз.
Жылдан-жылға үлкейіп келер қаламыз
Ұлы жеңіс жол ашты бізге батыл қадам басуға,
Иншалла әле бүкіл әлемге ие боламыз.



Туған жерім

Туған жерім – тұрмысым мен тұрағым,
Сол тұрақта өмір бойы тұрамын.
Табиғаты көз қуантар керемет,
Ән-жырынан көркем ойлар ұғамын.

Дәстүрлерін бұлжытпай сақтай білген,
Дұшпандарын күл-талқан қып,
Жігіттері туған жерін сақтау үшін,
Барлығына төзіммен қарай білген

Көлінде аққу-қазы еркіндепқалықтаған,
Ақындары атақ-даңқтың көгінде
Қанат қағып, ерлікпен қалықтаған.
Жыр жырлаудан ешқашан жалықпаған.

Арулары сұлу, көркем елім дархан
Көздерінде пәктіктің оты жанған.
Сұлулығына бүкіл ел тамсана қарап,
Туған жерге сұлулық кең тараған.        

Бауларында бұлбұл құсы сайраған,
Гүлдері нұр шашып бір жайнаған.
Көңілінде кірі жоқ қазақ елі
Өмірінде тек биікке самғаған.

Міне менің туған жерім, елім де
Ешқандайда көл жетпейді көліне.
Мадақтауға сөз жетпейді қазақ деген еліме,
Қырандары қалықтаған көгінде.
Қазақ деген еркін халық, азат құс.
Жалауында еркіндігін сипаттайтын,
Оюлармен сары және көгілдір түс.
Батылдығын сипаттайтын тұрады онда қыран құс.



Туған жер

Ыстық екен туған жердің ауасы,
Топырағы, тіпті жердің әр тасы.
Туған жерден жырақ жүріп дерттенсең,
Туған елің сол дертіңнің дауасы.

Саған арнап әр әнімді, жырымды
Өтермін мен саған шағып мұңымды.
Сенде жүріп еш білмедім тынымды,
Саған айтам әнімді де, сырымды.

Уа Туған жер сағындым ғой қырыңды,
Сен жырлаған әсем ән мен жырыңды.
Сенен ыстық жер бар ма екен жаһанда?
Тарттым сенің азабыңды, мұңыңды.

Ей туған жер қадіріңді кім білер?
Сенің күшті құдіретіңе кім сенер?
Туған жерден алыс жүрген әр адам
Сен жайлы сыр шертер, қадіріңді сол білер.



Туған жердің қадірі

Жан-жағымда тірі жан жоқ айдала
Неге келдім түсінбедім мен мұнда.
Не шөпте жоқ, су мен бірге талдарда.
Әрі қарай жүре бердім мен сонда
Бір жалғыз тал көрдім мен алыста
Туған жерден адасқандай сол талда.
Қадам басып мен де бардым қасына
Отыр еді бір маймыл талдың басында.
Амал қанша маймыл сөйлемес адамша
Туған жердің қадірін білгенім-ай мен сонда.



Жасай бер мәңгі - қазағым

Қазақ дегенде менің көзіме,
Құлақ түріп назар аудар сөзіме.
Жеңіс туын көтеріп жүрген бұл елде
Ақын, әнші, сазгерлер көп емес пе?

Қазақ дегенде сәулелі күн нұры елестер,
Елестер кейде кең дала, жазық, белестер.
Елестер кейде қабағынан қар жауып,
Ел қорғаған Қабанбайдай батыр, ер.

Қазақ дегенде есіме алам ылғи да
Біз үшін, ұрпақ үшін жанын тігіп,
Қайрат аға өлді емес пе боранда?
Біз үшін болды батыр, ер, тіпті қорғанда.

Есіме алам Сабира тартқан азабын,
Есіме алам Мәншүктің тапқан қазасын.
Осының бәріне де төзгені үшін азаптың,
Жасай бер мәңгі, Қазағым менің жасасын!



Өлкем неткен керемет

Төсінде егін ырғалтқан.
Көгінде күн нұрға тұнған.
Неткен сұлу көркем едің,
Менің өлкем көз тұндырған.

Маған сая бар гүл, бағың,
Мен бақытты балдырғаның.
Туған ел деп ән айтайын,
Атса күліп арай таңың.



Әкешім

Асқар тауым жан әкешім өзіңсің,
Азаматы елдің сыйы, төзімсің.
Өмірімде орнын сенің ерекше,
Жан аямай сақтайтын сен көзімсің.

Биік шыңсың, шыңына ешкім шыға алмас,
Сырыңды ешкім мендей сенің ұға алмас.
Мен үшін сен Заңғар таусың, қырансың
Шектен шықсам қадағалап тұрарсың

Теңеймін мен өзіңді өмірдегі бар жақсыға,
Кейде тулап тасыған бір тасқынға.
Мен үшін сенен ұлы жан жоқ бұл ғаламда
Қарамаспын өзіңді еш мен жатсына.

Әлбетте өмірімде орның сенің ерекше
Қанат қағып жырақ ұшып кетсекте.
Табынамыз, әрқашанда бағынамыз өзіңе.
Ей аллам ай әкешімді назарыңнан таса етпе.



Әке – шеше

Әке сенің асқар тауың.
Шеше сенің аңсар бауың.
Әке-шешең өмірдегі бауырың,
Әке-шешең жанашырың өзіңнің.

Сені ойлаумен өтеді бар өмірі
Құрметтейді бар адам әке-шешені.
Әке-шеше әр адамның тірегі
Құрметте сенде әке-шешені.



Анаға арнау

Мені ойлап көз ілместен түнімен,
Мәпелеген ардақты анам өзің сен.
Сәті түсіп ұшып кетсем ұямнан,
Айтшы маған қалай қиям сені мен.

Талай адам құдіретіңе бас иген.
Талай ақын сен жайында жыр жырлап,
Құдіретіңді мойындаған жан біткен.
Мінезіңе тек жақсылық, гүл біткен

Анашым-ау сұлусың сен көркемсің.
Төзімдісің үн қатпайсың сен мүлде
Қиыншылық не машақат көрсең сен
Байқатпайсың мен үшін отқа өртенсең.

Мүлде бөлек жансың сен осы маңда.
Үмітіңді ақтармын мен, еш сен нанба.
Опасыздар сөздеріне құлақ түріп,
Сен өзіңді опасыз деп ойлап қалма.



Бақыт, арман

Бақыт деген не екен?
Ешкім шыға алмаған
Шыңдары биік тау ма екен?

Арман деген не екен?
Соңына ешкім жетпеген
Ағып жатқан көл ма екен?



Ана құдіреті

Көктегі алла тағалам
Әркімді әрқалай жаратқан.
Нақ осы заман өлкеде
Өмір сүрді бір шеше.
Зайыбы қызмет сапарда.
Жалғызсырап жүр ана.
Құлақсыз бұзық ұлына
Тәрбие бере алмай қинала.
Тілсіздіктен күйді ана.
Алла сонша қинады.
Анаға тіл қимады.
Тілсіздіктен қиналып,
Тәрбие бере алмай ұлына,
Ана үнсіз жылады.
Ұлы сондай құлақсыз.
Жүрген жері тұрақсыз.
Ана байғұс сабырсыз,
Уайымдап дастархан жайып,
Күтіп жүр ана ойланып.
Ұлы болса алаңсыз
Көшеде жүр ішіп мас болып.
Жігіттермен жағаласып қас болып.
Анасы барды кінәлі ұлдың жанына,
Жүрегі үнсіз жарылардай қан тола.
Ақжаулықты ана ұлына көз салып,
Қолымен нұсқап үйіне ұлын шақырды.
Ал ұлы ше түсінгісі келместен,
- Меңзей бермей кетші ары маңымнан!
Арланамын сенің мылқаулығыңнан!
Деп айтады ақжаулықты анаға.
Ананың толды жүрегі қызыл қанға.
Сонымен қайтты үйіне көзіне ыстық жас ала.
Ана үшін бұл өмірде түсінсең,
Осыдан өткен қорлық бар ма?
Ұлы түнде келе жатып көшеде
Тоқтап қалды бір қызырды көрді де.
Ол жан айтты, қорықпа ұлым, қорықпа
Мен қызырмын, саған тиіспейім қаймықпа.
Саған сауал, жауап берші сұраққа.
Анаңды неге жылаттың сен ей ақпа?!
Ол ұл айтты қызырға:
- Қызыр ата арланамын анамнан.
Алақанға алып жүрер ем, мылқаулығы болмаса.
Қызыр сонда оған қарап ашу көзбен
Түсіндірді ана жайлы қара сөзбен.
- Мейлі ана мылқау болсын
- Мейлі көрмес соқыр болсын    
- Мейлі жүрмес шолақ болсын
- Бірақтанда бұл өмірде,
Мейірімді жоқ анадан асқан.          
Жүрегінде жылу тасқан
Көңілі кең адал адам.
Таба алмассың анадан асқан.
Сені өсірді еркелетіп, мәпелеп
Мынау жарық өмірге әкеп.
Сол үшін де кінәлі ме?
Ана байғұс ойланшы тек.
Ақыл айтам тыңда балам!
Ана деген ең қымбатты асыл жан.
Анамызды жоғалтып ап,
Қадірін оның кеш ұғып,
Күйіп жүрме қапыдан.
Сол үшінде қадірлеген ананы  
Ол жанның алақаны аялы.
Тыңдасаң сен қор болмайсың ешқашан,
Сені туған ақжаулықты ананы.
Берекелі, беделді, мейірімге толы ғой,
Ананың басқан әрбір қадамы.
Дейберді де қызыр ата жоқ болды.    
Жаңағы ұл түсінгендей ананы
Үйіне барып анасын құшып жылады.
Анажаным кешірші мені анашым.
Аяғыңа жығылайын бас иіп.
Табаныңның астында жан берсем
Жоқ қой менің бұл өмірде арманым.



* * *

Қарыздармыз ана алдында
Қарызымыздан құтылмаспыз,
Мейлі молда, немесе періште,
Тіпті атақты әулие болсақта.
Ей халайық қадірлейік ананы.
Қадірін терең ұғайық.
Анамызды назарымыздан
Таса қалмайық.



Қызыма ақыл – кеңес

Аппақ айдай ақ қызым
Айтайын ақыл мен саған.
Өсіп-өнген ұяңнан
Жырақ ұшып барасың.

Өмірге мынау көне біл.
Неше түрлі адамдар бар дүниеде
Сондықтанда сабыр сақта,
Қиыншылыққа төзе біл.

Ата-енеңді құрметтегін әрқашан.
Айтқан сөзін екі етпе ешқашан.
Екі көзің ашық болсын өмірде,
Адал болсын сүйген жарың тек саған.

Әрқашанда таза сақта арыңды.
Құрметтей біл адал сүйген жарыңды
Қонақ келсе үйіңе, жарқын жүзбен
Күтіп алғын, алдына сал барыңды.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет.
Ана болып, дүниені өзің тербет.
Ақыл айттым қызым бүгін мен саған,
Жүрмін мен сені әрқашан өзім демеп.
Осы ақылды әрдайым жадыңда сақта.
Тірлік етпей ешқашан босқа жатпа.
Ең бастысы өмірде есіңде тұт
Еш уақытта, тіпті өлсеңде дініңді сатпа.



Менің пірім – Мұқағали

Қуат алам сенің әрбір жырыңнан
Сөз жетпейтін күшпенен бір сыр ұғам.
Еліктеймін мен өзіңе талпынып
Мойындаған ақындығыңды бұл ғалам.

Шыншылдыққа тәні құмар жан ағам
Сенің әрбір жырларыңнан нәр алам.
Өшпейтұғын сөнбейтұғын жалынсың.
Мен мұны әр жырыңнан байқағам.

Әле талай өзің жайлы айтам ән
Тірілткімде келер сені қайтадан.
Егер жаным екеу болса берер ем
Артық болсын өзіңнен жаным қайдан.

Ұмтыламын мен өзіңе талпынып
Жыр жайлы есітсем жетіп барам алқынып.
Армандаймын ақын жанын қиялмын
Өлең – жырсыз бұл өмірге қалай ғана сиям мен.

«Менің пірім – Мұқағали» - деп айтам.
Өзің жайлы әлемге айғай салам.
Туылмаған болсаң сен бұл өмірде
Бұл паниде мұндай жырды қайдан табам



Дінімізді  сатпайық

Ей адамдар ойлаңдаршы бұл заман
Көбейіп кетті емес пе жын-сайтан.
Алла бізді жаратты әділдікке.
Бірақтанда адамдар бар дінін сатқан.

Мына өмір не болып кетті адамдар?
Ислам дінін әрдайым жадта сақтаңдар.
Өз діндеріңе еш уақытта тас атпаңдар
Ниет етіп, алла атын ауыздан тастамаңдар.

Алла бар бұл өмірде сені жаратқан.
Адам ата Хауа ана бізді таратқан.
Ата-бабаларымыз найзаның ұшыменен
Жауға бермей елімізді бізге сақтаған.

Инабатты-ибалы әжелер бар қазақта.
Төзе білген қиын сәтке, тозаққа.
Сол баба, әжелерден неге алмаймыз өнеге?
Еліктейміз Шет елдегі арын сатқан салаққа!

Ей адамдар мұнымыз біздің дұрыс па?
Бойымыздағы жоғалтпайық ешқашан
Қасиеттерімізді тән қазаққа.
Тырысайық баруға ертен жұмаққа.



Мамандық таңдау

Он жетіге толдым халқым мен бүгін.
Түсіндім мен өмірдің көп қыр-сырын.
Сақтайды қыз жүрегінде бар сырын.
Алдан аңсап күткендей боп күн нұрын  

Он жетіге толдым бүгін ей далам,
Бір мамандық таңда дейді жана анам.
Кейде отырып ойға батып мен қалам.
Қай мамандық таңдаймын деп таңданам

Әр адамдар ақыл айтат әр түрлі.
Мен болам деймін қаламынан жыр тамған,
Әділетті де шыншыл ақын мен болам.
Бірақ оған қарсы болат жан анам.
Ақ жүзіңе түңілсем мен нұр табам.
Бірақ маған түсініксіз сан ғалам
Анам айтат: болсаң ақын сен балам,
Көтерілу қиын жаным биікке.
Бірақта сен көтерілсең талай-талай биікке,
Құлауыңда ауыр болат тірлікте.
Сен соны ойла ақылға сал жан балам.
Әкем айтат: Тұнғышым, сүйенішім,
Саған қарап отырып күйеді ішім.
Ақында бол, маңғазданып сен кетпе.
Талай сөзге бұзылып көңіл селт етпе.
Ел ортасы болсын сенің өмірің,
Ақындықта болсын сенің көңілің.
Екеуінде бекем ұста сен бүгін,
Бақытты боп жүресің сонда сен гүлім.



Неліктен асығамыз

Ұмтыламыз әр дайым біз тек алға,
Асығамыз бала күнен ұлғаюға.
Еліктейміз үлкендерге талпынып,
Айтшы достар асығамыз біз қайда.

Ал үлкейдік, өстік бүгін ендіше,
Көп кедергі ұшырайды өскенше,
Махаббат бар, достық бар, дұшпанда бар.
Басқа жыйнап қайғыларды өстікте.

Уайым басып өскен сайын тірлікте,
Көп қиналдық ұлғаюды білдікте,
Нәпісіні жеңе алмай өзім десен,
Ашуланып кең халқым мені сөкпе.

Аманат етіп барамыз біз ұрпаққа,
Асығудың зардаптарын ұқсақта.
Ұлғаюға асығады ұл - қызың,
Неге ұқпайды, асықпауды бұл жаста.

Заман құрғыр осылай амал қаша?!
Асыққанмен ұлғаюға кімге пайда?
Ерте өсіп, ерте іліп қайғыларды біз басқа,
Айтшы достар не жетеді жеті жасқа.



Сен маған не тілесең...

Сен маған өлім тілесең,
Мен саған өмір тілеймін.
Сен маған қайғы тілесең,
Мен саған шаттық тілеймін.

Атам қазақ айтады,
Таспен ұрса аспен ұр.
Дұшпанға не тілесең,
Сол өзіңе қайтады.

Тілей бер маған сәтсіздік,
Тілеймін саған сәттілік.
Тілей бер маған кедейлік,
Тілеймін саған құт, бірлік.



Ғашық жігіттің сүйгеніне арнауы

Сүлу, көркем бейнең кетпей жадымнан.
Мен өзінді артық көрем жанымнан.
Сүйесің бе, сүймейсің бе жоқ әлде
Сонда дағы жүре берші сен аман.

Ғашық етті мөлдір қара көздерің
Ұмыта алмай әрбір айтқан сөздерің.
Сүйіп өтем, сұйіп өтем мәнгілік
Айтып жүрем мен атынды ән қылып.

Сүйем, сүйем мен өзінді жалындай
Ғашық етті мінезің мен көркің - ай.
Кешір мені, кешір мені жан жарым.
Жүрмін сенсіз бақытты өмір сүре алмай.

Кешші жаным, кешші менің адалым
Біле алман қалды қанша амалым.
Есіңе алып, жас үйірілер көзіңе,
Уақытына ерте келсе ажалым.

Шексіз сүйем мен өзінді алтыным.
Сол махаббат жүрегіме салды мұң.
Айтшы маған кім өтейді өтеуін?
Көз ілместен өткізген әр түнімнің.



Кұтем сені

Бауырымнан сені жұлып алып барат.
Сен кетпей сағынышым лаулап жанат.
Әскерлік борышынды өтеу үшін
Барасың ұзық жаққа сен алыстап.

Қимаймын сені жаным өзгеге мен.
Мені өлердей ғашық қылған өзің емен.
Сенсіз қалай шыдаймын бұл өмірге?
Бұлда бір махаббаттың сыны ма екен?

Не де болса ұмытпа жаным мені.
Сірә да ұмытпаймын жалғыз сені.
Көңілім, жүрегімнен шықпайсың сен.
Мәңгіәлік куарғанша күтем сені.

Ақ жол жаным жолың болсын ендеше
Сен кетпестен сағынамын мен неге?
Суретінді хат арқылы салып жібер сен маған.
Сақтаймын мен қашан сен мұнда келгенше.

Мені ойлап күндіз-түн аландама.
Сағынсаң сен айға қара тамсана.
Әлемге мен айғайлаймын жар сала,
Қүтем сені ақтық демім қалғанша.



Неге Алдадың?

Сенгім келмей жүрегім менің жаралы.
Барма менің айтшы енді амалым?
Сүйем деп ең сүйгендігің осы ма?
Неге үйлендің басқа жанға жан-жарым.

Неге алдадың бұл өмірде мені сен?
Сүйем деп ең есінде ме маған сен?
Ал енді ше жүрегімді жаралап,
Тастап кеттің ұнамады саған нем?

Білесің бе адамшылық арың кем.
Оған қоса батылдығың күшің кем.
Есінде ме жүруші ек біз бірге
Сүюші ем өлердей боп өзінді мен.

Мұның қалай істегенің дұрыс па?
Кімді сүйдің мені ме әлде жарынды?
Алдасанда тілейін мен өзіңе
Өмір бойы тілеп өтем бағынды.



Жүрек мұңы

Сен кеткелі жатпадым тыныш.
Жүрегімді қаптады қыс.
Айтшы жаным кім кінәлі?
Көздерімде жалын жоқ боп-бос.

Сен кеткелі таппадым тыным.
Жүрегімнен шыққалы тұр жаным.
Болып едім тіпті де құлың,
Сонда да сен ұқпадың сырым.



Сағыныш

Сағыныштың лаулап жанған отында,
Күтем сені мөлдір бұлақ басында.
Әлі есімде бәрі-бәрі жадымда,
Жүрер едім үнемі сенің жанында.

Махаббаттың лаулап жанған отында
Сүйем сені үнемі жүрем қасында.
Келіп тұрам әр аптаның басында.
Сенің бейнең үнемі тұрар жадымда.

Ғашықтықтың лаулап жанған отында.
Есіме алам басқан әрбір адымда.
Жүргім келер үнемі сенің жанында.
Менің жаным мәлім сенің қолында.

Сағыныштың лаулап жанған отында.
Күтем сені махаббаттың бағында.
Сен жүрсең жаным мәңгі менің жанымда
Отырар едік сонау махаббат тағында.

Сағыныштың лаулап жанған отында.
Келші жаным, келші менің жаныма.
Сағындырмай жаным маған келсеңші,
Күтем жаным, күтем сені махаббаттың бағында.



Әскердегі жарыма

Жанарым менің жасқа толы.
Сағындым не де болса жаным сені.
Әскерлік борышынды өтеп жүрсің,
Есіндеме күндеріміз нұрға толы.

Сағындым нұрға толы жанарында.
Білесіңбе сен менің бақытым боларында.
Сен маған таныттың өмірдің ең тәттісін,
Құрметтеймін адал ниет, жан, арынды.

Өмірдегі ең жаманы жалғыздық екен.
Бір-бірін сүйген қос ғашық,
Бір-бірінен алыста жүрсе екеуі
Өмірдегі ең сұмдығы осы екен.

Аяз шарпын ыстық алаулы демімді.
Сені іздеймін талай күн мен талай түн.
Кеп қалар деп үмітімді үзбестен
Аландаймын жолға қарай сеніммен.

Мен сені жүрем жаным мақтан көріп,
Сені өсек еткенді көремін иттен жеріп.
Жүремін бұл өмірде көп нәрседен
Ең бастысы сені жоғалтудан мен қорқып.

Тек қана сен үшін мен қайғыланам.
Тек қана сен үшін мен мұңаям.
Жүрмін мен өзің жайлы көп ойланып,
Жүрмісің әскерде сен көп қиналып.



Сүйіктіме

Сені іздеймін күні-түн елендеумен.
Қалайша сенсіз өмір сүремін мен.
Білмеймін балалық па, жастық па.
Әйтеуір сенің ыстық деміңе зәру денем.

Білемін бұл махаббат алауы.
Әр ғашықтың бар бір ғана қалауы.
Сүйгенімен бірге аттырып әр танды,
Батқан күнді қалайды бірге санауды.

Бір-біріне болып ғашық әр жанда
Өтіп жатыр мынау біздің заманда.
Бірақ, бірақ сен жоқсың менің жанымда
Сен үшін мен елес болып қалдымба?

Жалғызбын, мұндымын соңғы күндерде.
Көзімді жұмып есіме алам түндерде.
Айыптайсың сен мені неге жаным?
Сүйгені үшін бұл жүрегім кінәлі ме?

Бүл өмірде бәрі - бәрі жұптасқан.
Жер мен аспан бір - бірімен ымдасқан.
Қозы Көрпеш Баянына жете алмай,
Қос ғашықтар іштей үнсіз жыласқан.

Өтіп жатыр тізбектеліп күндерім.
Шексіз сүйем сені тек сол білерім.
Аңыз болды Қозы Көрпеш, Баянда
Жасырайын несіне сені сүйерім.

Бұйырса жазармын сен жайлы бір дастан.
Кездесерміз мүмкін әлі астындамыз бір аспан.
Бірақтанда өкпелемен еш уақытта өзіңе,
Менің жылы жүрегімді мұз басқан.



Араша тұра алмадым

Мұнысы не түсінбедім тағдырдың.
Неге сонша қинадың мені тәңірім?
Сүйгеніме берген дертті өмірде
Неге маған бермедің екен тәңірім.

Көз алдымнан кетпейді сенің елесің.
Бүгінгі жарым бұрынғыдай емессің.
Күн өткен сайын курап бара жатқанын
Көру қиын екенін сендер білмессің.

Араша тұра алады бұл дертке кім?
Мен үшін артық емес сенен ешкім.
Көнер едім жазаға да, қазаға да.
Айықтырса дертіңнен сені күнім

Ет жүрегім езілді, қан жылады.
Мұны біліп, халімді кім сұрады?
Сені ойлап күндіз - түні саулық тілеп,
Тұла бойым, гүл көңлім қалжырады.



Менің жарым басқа жанмен қауышты

Менің көңлім шартарапқа сан ұшты.
Махаббатым қасіреттен қан ішті.
Менің жарым басқа жанмен қауышты.
Сол жарымнан бөтен ару бал ішті.
Ей жүрегім енді сенде бол күшті.
Менің жарым басқа жанмен кауышты.

Қызғаныштан жүрегім менің у ішті.
Бұл өмірде махаббаттан не күшті?
Сен жайлы ойлап көтеріңкі көңіл көп түсті.
Сол қызғаныш көкіректі көп қысты.
Менің жалғыз жүрегіме түн түсті.
Менің жарым басқа жанмен қауышты.


 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу