Қонақтар кітабы

Құрметті оқырман!
Бұл жерде Сіз өз пікіріңізді, ұсынысыңызды, тілегіңізді қалдыра аласыз.




Лаханов Шынболат Ахметович: (shinal674@gmail.com)  

ассалаумағалейкум менің есімім Шынболат.Маған Бақытжан ағаның "орыс тілі апайы" өлеңі керек еді қалай тапсам болады?


Әзімхан Исабек: (boy_from_texas_24_95@inbox.ru)  

Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма деп,- Қазақ халқының Ұлы данышпаны, Хакім Абай атамыздың осы өлең жолдары Ақын жүрегінің тылсым бейне бір әлем екендігін өлеңмен өрнектеген. Оңтүстік өлкесі нағыз таланттар мекені емеспе?! Жаныңның жарасын өлеңмен жазған, Жүректің мейірін жырмен сусындаткан Ақын ағаларымыз Мархабат Байғұт, Әбілда Аймақ, Нармахан Бегалиев, Абай Қалшабек, Зылиха Жантасова сынды акын ағаларымызбен апаларымыз өмірдің тарамдалған жолдарына, ащысы мен тұщысына қалам тартты. Құрметті ақын ағалар мен апалар сіздерге толағай табыс, шығармашылық шабыт пен бақытты, баянды ғұмыр тілеймін. Мiржақып Дулатовтың сөзімен айтқанда: Бұлардың әрбір сөзі пайдаға асқан, Өнерін хатқа жазып, халыққа шашқан. Мақтап өлең айтпаған нәрсе алуға, Ғажайып хикметтің кiлтiн ашқан. Менде сiздердің соңдарыныздан еріп келе жатқан жас, әрi болашақ филологпын. Талабым таудай арине. Болмасаң да ұқсап бақ демейме - Абай данамыз. Алла сiздерді шабыттың шыңдарында төрлете бергей.


Иманғали Асыл: (alatau-03@mail.ru)  

Құрметті сайт редакторы! Сіздердің жобаларыңыз жақсы екен. Дегенмен, жастар бетін парақтағанымызда тек қана өлең жазатын өрендерді ғана кездестірдік. Ал мөлдіретіп проза жазатын жастарды кездестіре алмадық?!. Неге?.. Оңтүстікте прозада қалам сілтеп жүрген ешкім жоқ па?


Қамбарова Ақсәуле: (gaziza_kambarova@mail.ru)  

Сәлеметсіздер ме! Мен Қамбарова Ақсәуле, Кентау қаласының тұрғынымын. Сіздерден өтініш ретінде Қапан Қамбарұлы жайлы мағлұматтар тауып берулеріңізді сұранамын, дәлірек айтсам, отбасылық жағдайы, балалары, жұбайы бар ма екен. Қапан Қамбарұлының інісі Айтқұл Қамбарұлы менің әкемнің әкесі, яғни менің атам. Алдын ала ризашылығымды білдіремін,менің телефоным 87786620688


Ментай Алимбаева: (kadar85_83@mail.ru)  

Сәлеметсіздер ме, сайтты құрастырушылар! акпарат оте аз, сайттын безендирилуи де суйкимсиз, жупыны, бул каржынын аздыгы шыгар мумкин, бирак акпараттарды толыктырып, нагыз каламгерлердин шыгармаларын сыкита жазып, лыка толтырып коюга тек он саусактын каукары гана кажет емес пе?


Иманғали Қайрат: (alatau-03@mail.ru)  

Құрметті, сайт редакторы! Жасаған жобаларыңыз жақсы екен. Мүмкіндік болып жатса тек қана поэзиямен ғана шектелмей, шағын әңгіме, прозалық шығармалар жазатын жастарды да қамтысаңыздар екен?! Жастардың тізімінде тұрған бірер жігітті танушы едім. Ол қазірде үлкен ортада жүрген адам. Сондықтанда олардың анкеталарын толықтырып қойсаңыздар екен! Негізі сайттарыңыз жақсы. Теңізге тамшы дегендей! Әдеби һәм мәдени орда Алматыдан сіздерге тілектес қазақ!


Бөрғазының Өскені: (osken.borgaziev@mail.ru)  

Құрметті Гүлмира Батырбайқызы! Мен Бөрғазының Өскені сізге алғыс айтта отырып, өзім туралы қосымша мәліметтер бермекшімін. Мен 2001 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесімін.Менің бүгінге дейін 6 жыр жинақтарым жарық көрді.Атап айтқанда: "Заман-ай"(1992ж.), "Киелі топырақ"(1996ж.), "Теріскей толғауы" (1999ж.), "Сағыныш"(2003), "Толғаныс толқындары" (2005ж.), "Жан жарқылы"(2010ж.). Қазір жаңа жинақ әзірлеу үстіндемін. Шертпе күйдін хас шебері, ұлы күйші-сазгер Төлеген Момбекұлы туралы "Төлеген" атты көлемді дастан жазып бітірдім.Дастан Созақ аудандық "Созақ үні" газетінде жарық көрді. Қазір зейнеткермін. Созақ ауданының Құрметті азаматымын. ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкерімін. "Оңтүстік Қазақстан облысының 2005 жылғы ең үздік ақыны" атағының иегерімін.


Еркин  

Армысыздар!!! Әбіш Байтанаев неге жоқ? Әлде мұнда тек қана өлең жазатындар ғана ма?


Сайт редакторы  

Бақытжан, өмірдерегіңіз дұрыс жазылмай қалса - айып етпеңіз. Бұл мәліметті мен жергілікті газеттердің бірінен алған едім. Айтқан ескертуіңіз жөнделді.

Құрметпен сайт редакторы.


Бейсекова Толқын   

Мен Мұхтар Шахановтың толық шығармашылығымен танысқым келеді. Алайда бұл сайттан тек қана өмірдерегінен басқа ақпарат ала алмадым. Қалай білсем болады?

 1 23>>>




 Аты - жөні*

 E-mail




 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу