Есенқара Ханбибі

Асыл сөз


Жаман еркек-жарты жүк.Жаман еркек-жарты жүк.



Тегін берсе де,тегі нашардан зат алма!



Теңізді тайыз дейтіндер,арыққа да түсе алмайды.



Сүйкімсізбен табақтас болсаң-түйіліп өлесің,

Жаманмен тағдырлас болсаң-күйініп өлесің.



Жаманды өлген соң жақсы дейміз.



Парламент - халықтың айнасы, халықтың өкілі.



Ақындар – халықтың барометрі.



Халық барда поэзия жасай береді !



Махаббат өлмейді, мәңгі жасайды.



Көңілдей ыстық – Оңтүстік !



Ақындық – Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі !



Табиғат – таусылмайтын тақырып.



Поэзияға тән ең керекті қасиет – болашақты болжай білуі.



Әйелдің сұлулығы – тысында емес, ішінде !



Мәдениет дегеніміз - өнер .



Өнер - киелі нәрсе.



Поэзия халық үшін жазылады.



Өлең – көңіл-күйден туады.



Ақын адамдардың шаттығы - өлеңі .



Ғасырға жетпейтін қысқа мерзімде  қазақ қарпі үш түрлі өзгеріске енгені мәлім. Тарихымызды қитұрқы саясатпен бүркеп тастаған. Атасы оқыған әріпті немересі танымайтыны қандай сұмдық?! Сол қателікті біздің жөндеуіміз – болашақ алдындағы аманатқа адалдығымыз, көне тарихтың көбесін сөккендігіміз болар, бәлкім.



1  2  3  4