Есенқара Ханбибі

Туындылары


Кәнизак та болмадым,
Перизат та болмадым.
Болмағанды қолдаумен,
Көсеу болды қолдарым.

Сүзіп ойдың қаймағын,
Сезінемін жай-мәнін.
Өмір деген – сахнада,
Қаншама роль ойнадым!

Өмірін ап аршаның,
Көңілін ап баршаның.
Шеберліктің шырмаулы,
Шеңберінен шаршадым.

Бәрін жасап үлгі істің,
Илеуінде тұрмыстың.
Сәнімменен паң болып,
Жанымменен күлге ұштым!

Жүрегімнің мәрт әнін,
Көрсетуге қорқамын.
Құлы болып ортаның,
Құлдыраңдап жортамын...