Бегалиев Нармахан

Туындылары


Өмір - таусылмас ертегі

Өмір –– таусылмас ертегі
Ару дүние –– әсем сазды домбыра.
Самал –– саусақ ғажап күйлер шертеді,
Сезімшілге тастау үшін мол мұра.

Көк аспанға алаулатқан ақ жалын,
Көк теңіздер тебірене ме құм жәйлі?
Бар жаныммен сезем мен шөл арманын,
Шөл арманы ыстықтар ықыласымен жырлайды.

Аңсатады әлі атпаған таң маған,
Тамшыларды дүниеге келмеген.
Өйткені,
Шақтарымда ой толғаған,
Мен–– шөлмін шөлдеген.