Бегалиев Нармахан

Лебіз


Тарихқа терең үңілдің

  Ордабасы тауы үшін
  

  Бабалар басын қосыпты

  Халқының бірлік қамы үшін.
  

  Аралап бірәз өңірді
  

  Ақиқатты іздедің
  

  Жеткізіп көзін талайдың

  «Жан айтқан мына біз» дедің


Отызбаев Әзімхан



Нармахан сияқты дара тұлғалы ақындардың уақыт өткен сайын ірілене беретіндігінде сөз жоқ. .



Оспан Сейфолла



Ұлы өнерді ұрандап,

Болашаққа баратын-

Түркістанда-түмен бап,

Темірланда-Нар-ақын. .



Оразбаев Иранбек



Ордабасы тауы оны биіктетті,

Құдайым абыройды үйіп төкті:

Кішкентай Нармаханның құшағына

Үш бірдей Президент сиып кетті. .



Сарыбаев Қаныбек



Достық,туысқандық көңілмен,қуаныш ортақ болсын деп. .



Сапарбай Исраил



Н.Бегалыұлы махаббатты жырлауға,өз көңіл-күйі арқылы табиғат көріністерін суреттеуге бейім.Ойын мейлінше өзіндік теңеулер арқылы жырлауға ұмтылады. .



Рахимов Тынышбай



...туған аудан мерейін айру қамындағы қандай да бір шара дегенде жазып отырған жырын жиып қоятын ер көңілді,қыз мінезді ақын- азамат Нармахан Бегалыұлын екінің бірі біле бермейді... .



Бейсебайұлы Исламғали



Турашылдық,байыптылық,кішіпейілдік,парасаттылық,мәдениеттілік,қарапайымдылық,
Білімділік барлығы-барлығы оны қатарынан салиқалы етіп көрсетіп тұр. .



Әбілда Бақберген



...Нармахан өлеңдері-тұнып тұрған лирика:табиғат,сезім лирикасы,таза бұлақ,кәусәр
шуақ,тек қана тазалықты,мөлдірлікті жырлайтын жырлары көп-ақ. .



Әбілдаева Гүлзакира



Нәзік лирик,ақын Нармахан Бегалыұлының елу жасқа толу тойы елдің есінен кетпей-тіндей оқиға болды. .



Аспан Анар



Бағытыңнан тайқып ілкі баспадың,

Күндемедің сән тірлігін басқаның

Ділің сара,жырың айтам сондықтан,

Өзгелерден биік сенің аспаның. .



Айнабеков Кәрім



Туған топыраққа қазақы қадір-қасиетін тәу етіп, сөз сәулесінің үздік оқырман мойындарлық ұлы озық образдар жасау Нармахан шеберлігіне әу бастан тән.Оның туындылары ілге жеңіл,жүрекке жылы. .



Ақынбеков Мейірбек



Білмейсің мансап қуып,мақтануды,

Білесің жасық жырдан сақтануды.

Білесің қасиетін хас асылдың,

Шын күліп,ренжуді,шаттануды. .



Әбсадықұлы Төрехан



Нармахан ой тізу,түйін терумен бірге гауһарды қатарластырғандай, маржанды жіпке тізгендей ,саф алтынды үрлегендей,ой қазғылап,сезім саралауды тоқтатпаса. .



Байтанаев Әбіш



Ал,Елтаңбамыздың болатынын және қандай бейнеде көрініс табатынын Нармахан ақын дәл болжады... .



Балажанов Абай



Бұл өмірдің өлшем-пішін бейнесін,

Естіп жүрміз кейде мақтау,кейде сын.

Мен болмасам,өзің барсың Нареке,

Киіп жүрген нағыз ақын жейдесін. .



Байділдаев Сағынтай



Дей отыра Нармаханның,әлгі айтқанымыздай,шағын,әсіресе,соңғы кезде етек алып
кеткен,қампиған қалың-қалың томдарды оп-оңай ығыстыратындай қуаты бар кітапшалары қалың оқырман қауымының көңілінен шығып,көкейінен орын тебуі ақын ініміздің босқа тер төкпегенінің куәсі. .



Әжібекұлы Табанды



Нармаханның поэзиясы да қазақтың қанындай таза поэзия!Өйткені ол ауыл-үйдің арасындағы өріссіз ақын емес.Қазақтың қарағай бітімді қаламгері. Талантының тамыры тереңде жатыр. .



Әмірбек Көпен



«...бүгінде қазақ поэзиясы, қазақ өлеңі, қазақ лирикасы туралы шынайы әңгіме қозғайтындардың қай- қайсысы да біздің Бегалыұлы Нармаханды айтпай, атамай қала алмайды. Міне, гәп қайда жатыр?!».

Мархабат Байғұт




« Нармахан сияқты дара тұлғалы ақындардың уақыт өткен сайын ірілене беретіндігінде сөз жоқ» .


Ақын Оспан Сейфолла



1  2  3