Алдияр Бақытжан

Туындылары


Жұмбақтамай айтсам сөздің шындығын,
Жұрт көзіне көп түсу де мін бүгін.
Кей ағайын кейіп-ақ жүр ауылдан
Ұзай алмай қойды ғой деп кіндігің.

Ұзар едім, кетер едім жайға алыс,
Табар едім өзіме тән жайлы ағыс.
Тек...
ауылмен арамызда бар біздің
Бархаят бір жан ұқпайтын байланыс.

Көктегі Ием Жерден бөліп жай маған,
Кіндіккентке кіндігімнен байлаған.
Мен осы елдің топырағынан жаралғам,
Тағы осы елдің топырағына айналам.

Тіршіліктің алды - сағым, арты – елес,
Тірі ақынға қажеті жоқ мәртебе еш.
Ауылда да ақынмын мен!
Сондықтан,
Астанаға барып өлу шарт емес.

Жер бетінде жоқ нәрсеге таласқан,
Адамдарға үрке қарап адасқан,
Миығымнан күліп бара жатамын,
Иығымда көк аспан...

2003 жыл. Тұрбат ауылы.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу