Аймақ Әбілда

Асыл сөз


Мен драматург емеспін. Драматургияға келудің өзі ауыр. Оны меңгеру де оңай емес. Драматургия – ол өлең емес, ән емес. Драматургия тұтас бір өмірді көрсетуі тиіс.



Дүмшеден дәріс алған дүмше болады. Әдебиеттегі дүмшелер көркем дүниеге барынша кесірін тигізіп келеді.




Әдебиетіміздің келешегін тек жазушылар ғана емес, бүкіл қоғам болып ойлануымыз қажет.




Темірлан – ежелден сал-серілердің мекені.

«Өлең – сөздің патшасы». Бұл сөзді данышпан Абай айтқан. Өлеңді бүкіл сөз өнерінің патшасына айналдыру оңай емес. Өлеңді патшаға айналдыру үшін өзің де патша болуың қажет болар. Сөз өнерінде өзін патша сезінген Абайлар. Осы патша өнерге ғашық болып, сөз әлемінде патша болғысы келетіндер көп. Көбісі патша түгілі сөз өнерінің қолына су құюға да жарамай жүр.




Адамдар бекер келген жер бетіне,
Сондықтан Алла алдында пенде түге.
Тірілер бірін-бірі қорғамайды,
«Қорықсаң»,дейді қазақ «көрге түне!»



Өмірде отты да –мен,текті де –мен,
Әруақты,арқалы да,епті де –мен.
Сырт көзге өтенім бар,бақыттымын,
Ендеше,неге ғана көп түнерем.



Дүниеде ақын да бар, жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі баяндаушы.



Шымкент – біздің бал махаббатымызға да, қуанышымызға да, мұңымызға да, тіпті қайғымызға да ортақ, пендеге тән тіршіліктегі қым-қиғаш тіршілігіміздің қалай өтіп жатқанына да куә қөала. Сол себепті де Шымкент бізге, тұрғындарына оттан да ыстық. Өйткені Шымкент – біздің күн шуақты Отанымыз.



Көзін алмай көк аспан гүлді өңірден,
Біздің жақта түспейтін түн де бірден.
Түндей тылсым жүрегім бұлқынатын,
Ұқсаймын деп ақыры Күнге күлген.



Адамдар бекер келген жер бетіне,
Сондықтан Алла алдында пенде түге.
Тірілер бірін-бірі қорғамайды,
«Қорықсаң»,дейді қазақ «көрге түне!»



Өмірде отты да –мен,текті де –мен,
Әруақты,арқалы да,епті де –мен.
Сырт көзге өтенім бар,бақыттымын,
Ендеше,неге ғана көп түнерем.



Қай сөзді аңдып бүгінде кімді елейін,
Ішімде өлсін бәрі де үндемейін.
Ақ пен қара тартысып өтеді екен,
Әлімсақтан ақырғы күнге дейін.



Пенделер бұл өмірге кекті неге,
Ақырын ойламас-ты текті деме.
Бәрібір босанып сен шыға алмайсың,
Ей,жүрек,қу кеудені тепкілеме!



Жетпейді қу жүректің дертіне түк,
Шоқ қалған Каләндардың өрті кетіп.
Айла да,амал таппай өзімді-өзім
Болғаны жібермесем тентіретіп.



Тілегім де, ойым да, дұғам да сен,
Сені еске алмай спарға шыға алмас ем.
Кітабымды басыңа жастанып жат
Мен пақырды бір сәтке ұғам десең.



Аймалап пайғамбардың нұры бізді,
Көтерген жаны бардан құнымызды
Жел,Су,От,Топырақтан жаратылған
Ей,Алла жарылқай көр құлыңызды.



Көріп сені өзіңе бас ұрдым,жаным,
Тәрік етіп жолыңа асылдың бәрін.
Тағдыры бөлек жан едің өзіме ұқсас
Бетіңнен сүйіп,быт-шыт боп шашылдым,жаным.



«Шапағат табар жан едім нұрыңнан сенің,
Кетпесінші қыздан ар,ұлымнан сенім.
Бастайын бүгін адалдық,адамдық жайлы,
Ажырамасын мәңгілік жырымнан сөлім».



«Ойсызға,сірә, сараңнан әрман
Құпия болар тереңім».



«Сіңіп кеткен өлеңге жастайымнан,адам емес машайық шығармын-ау».



«Қап-қара бұлт құшақтап көтеріп кетіп,
Қанатын жайып қоныпты жасынға өлеңім»



Ақын-жазушылардың әдебиеттегі орны Қазақстан Жазушылар Одағына өтуімен өлшенбейді. Тіпті олардың қазақ әдебиетіндегі орны наградалармен де, басқалай марапаттармен де өлшенбейді. Қай ақын-жазушының болсын әдебиеттегі орны ең алдымен оның талантымен өлшенеді.

Ауыз әдебиеті - бүкіл өмірімнің азығы.



«Шәмшінің сағынышындағы»  бір ерекшелік өмірді ойлы өлеңдерімен өрнектеген ақиық ақын – жазушылар – Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Қалаубек Тұрсынқұловтардың сазгердің үнемі қасынан табылуы, бірі ән шығарып, екіншісі оның сөзін жазып, бірлесе өнердің шыңына ұмтылғаны, біріне – бірі демеу, сүйеу бола жүріп, қазақтың қара өлеңіне қанат қақтырғаны шығармагердің шабытты шағында дүниеге келген құнды шығарма екенін паш еткендей.  Тағы бір ерекшелік - әуенді элегияда кейіпкерлердің ұйқасты өлең арқылы тілдесуінде дер едік. Айтар сөз, орнықты ой, ізгі тілек, өзара қарым – қатынас, кульминациялық көрініс – бәрі-бәрі ақын Әбілда Аймақтың шұрайлы тілінің арқасында өлең шумақтарымен өрнектелуі ілкімді ізденістің, шығармашылықтың нәтижесі екені хақ.



Ұлт мәдениеті – рухымыздың темір – қазығы, алтын ордасы.





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу