Аймақ Әбілда

Туындылары


* * *

Қартаярмыз сен де, мен де,
Әлсірейді шырағың да.
Сонда ессіз шөлдегенде,
Сусын болмас бұлағың да.

Өмір өтер, қалар жастық,
Көктем болып көкіректе.
Бұрынғыдай бола алмас түк,
Сезім ұқсар жетімекке.

Құр әлекке салып бекер,
Өшер сонда сөзден жалын,
Лап етер де жанып кетер,
Дүниені кезген жаның.