Аймақ Әбілда

Өмірдерек


       Әбілда Аймақ 1954 жылы 13 сәуірде Ордабасы ауданы,Қажымұқан Атындағы кеңшардың Коммунизм бөлімшесінде туылған. « Коммунизм» Сегізжылдық мектебін бітіріп,орта мектепті сырттай оқып аяқтады.
       Еңбекке 16 жасынан араласқан ол 1969 жылдан 1981 жылға дейін Ұжымшарда сушы,тракторшы,шопан кейін аудандық мәдениет бөлімінде Автоклуб меңгерушісі болды. 1981 жылдан 1990 жылға дейін Шымкенттегі «Шымкентқұрылыс» тресіне қарасты мекемелерде тас қалаушы болып істеді.
       1990 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының облысаралық бөлімшесіне қызметке келді. 1993 жылдан бастап осы бөлімшенің төрағасы. 2001 жылдан бері Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры. Ол қазіргі ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетін 1990 жылы тәмәмдаған.
       1989-1992 жылдары облыстық «Қазақ тілі» қоғамының бюро мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға араласты.
       Шығармашылық қызметі 1972 жылдан басталатын Ә. Аймақ 1983 жылы Республика Жас жазушыларынын кеңесіне қатысты.
       1984 жылы жас ақындардың дәстүрлі жыр жинағы «Қарлығашқа»бір топ өлеңдері енді. Оның шығармалары «Мерейлі мекен», «Мүшайра-92» жыр жинақ- тары арқылы оқырмандарға таныла бастады. Ақынның «Ләйла», «Домалақ ана» кесенесі, «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан», «Талбесік» атты кітаптары бар. Көптеген әндердің сөзін жазды. Ақын 1992 жылғы облыстық «Мүшайраның» жеңімпазы,1993 жылғы Алматыда өткен Республикалық жабық жыр конкурсының бас жүлдегері.
       Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталған. Соңғы жылдары Әбілда Аймақтың екі томдық шығармалары жарық көрді.
       2004 жылы Түркия Республикасы мәдениет жэне туризм Министрлігінің ұйымдас- тырумен «Түрік әлемінің жаңғырығы» атты Халықаралық ақындар жарысында 84 шығарманың ішінде 1 орын алып,Халықаралық Физули атындағы сыйлықты алды.
       2014 жылы 14 маусымда аяқ астынан дүниеден озды.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу