Момбек Әбдәкімұлы

Туындылары


ЗОБАЛАҢ


       Қолдарыңыздағы шығармада 1931-33 жылдары елімізді шарпыған ашаршылықтың қалай басталып, қалай белең алғаны, оның қасіреті мен зұлматы жұртты қалай ойраңдағаны кеңінен әрі болған қалпында ашық әңгімеленеді. Сондай-ақ бұл кітапта дәл сол жылдары ҚазАКСР-ы және Өзбек КСР-ының халкомкеңестері мен орталық атқару комитеттерінің шешімімен салынған Шымкент-Ташкент төте теміржолы құрылысының жүруі, бір жылдан кейін оның неліктен тоқтатылғаны туралы құжаттық деректерге сүйеніп жазылған мағлұматтар келтірілген. Сонымен қатар жазықсыз жалаға ұшыраған қазақ зиялылары мен қарапайым халықтың күйзелісі кітап сөзімен әсерлі баяндалған. Роман – жазушының жеке қиялынан туындаған шығарма емес, ел өмірінен жанды естеліктер, архивтік фактілер һәм ашаршылықты бастарынан өткерген көнекөз қариялардың аузынан естілген деректі әңгімелер негізінде түзіліп жазылған.



КҮН ТҰТЫЛҒАН МЕЗГІЛ


       Қазақтың Х1Х ғасырдағы тарихы көркем әдебиет тұрғысында бірнеше роман, хикаяттарға, сондай-ақ сандаған зерттеу еңбектерге арқау болғанымен, толыққанды ашылып біткен жоқ. Мысалы, тап сол дәуірдегі Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тарихы, тұрмыс-тіршілігі, саяси ахуалы әлі күнге дейін тиісті деңгейде жазылып, шынайы зерттелінбей жүр. Әсіресе, Ташкент шаһары мен оның айналасындағы мұқым Алаш баласының екі-үш ғасыр бұрынғы тарихы зерттеушілер мен жазушылар назарынан мүлде тыс қалып келеді. Осы тарихи романды сол олқылықтың орнын толтырған еңбек десек те болады. Мұнда қалмақтардың Оңтүстік жері мен Ташкентке салған ылаңы, жанкешті де батыр қазақтың одан қалай құтылғаны туралы кеңінен әңгіме болады. Ең қызығы, мұнда сол қалмақтан кейін тарихта орын алған, ал біздің тарихшылар күні бүгінге дейін ден қоймай келе жатқан қазақ-қырғыз қақтығысының туындау себептері мен ол кикілжіңнің кейін қалай өрбіп, немен аяқталғаны жайында тың деректер беріледі. Түбі тарихи ақиқатпен қабысқан ондай деректер көркем әдебиетке сай желілермен әдемі өрнектеліп, оқырманды қызықтырып отырады.Төле биден кейін Ташкентте бек атанған оның ұлы Қожамжар – бас кейіпкер болған бұл кітаптың негізгі тақырыбы да – сол уақиғалары бүге-шігесіне дейін баяндауға арналған. Романның басқа еңбектерден өзгешелігі де – осында.



ҚАРАМАН ҚАРАҚШЫ


       Қарамаиды халық шарты түрде «Қарақшы» деп атағанымен, оның атқарған істері тасадан оқ атып, ауыл тентегінен ұзай алмйтын кейбір бұзықтардың қылықтарына мүлдем ұқсамайтын, тек қанішерлер мен баскесерлер ортасында әділдік орнатам деп күреске түскен, ісәрекеті кең ауқымды қамтыған қаһарман болған.
       Жамандыққа жаны қас Қараман, өмір бойы тек кедей мен шаруаға, кембағал мен жетім-жесірге зәбір көрсетушілермен күрескен. Ташкенттегі адам жегіш жөйіттермен алысып, оларды қиратып тастаған. Кеңес өкіметі орнаған кезде бейбіт елді басынып, зәре-иманын ұшырған Өзбекстан, Тәжікстан тауларын-дағы қаскөй басмашылармен алысады. Байлар мен саудагерлердің дүние-мүліктерін тартып алып, кедей-кепшікке таратып береді. Бірақ өзінің кейбір кереғар істері мен жеке көзқарасы үшін кеңес өкіметінің түрмелерінде бірнеше мәрте отыруына тура келеді.
       Қараманның он бес жасынан қырық бес жасына дейінгі ғұмыры «тастөсеніп, күз жастанып» дегендей, аласапыранмен өткен. Қолдарыңыздағы кіташа осылар туралы жан-жақты баяндалады. Мұны зердемен оқыған жан, оның өкімет тарапынан батыр деп мойындалмағанымен, күллі Қазақстан һәм Орта Азия халықтарының сүйікті қаһарманы, әрі оларға өте жағымды тұлға болғанын аң-ғарады. Оның қазақ халқы үшін атқарған істері ағылшындың Робин Гудтың әрекеттерінен де асып түседі. Сондықтан да көпшілік ұғымында ол қайталанбас тұлға, сондай-ақ халық қаһарманы. Қалай десек те, Қараман күрделі тұлға. Оның істері жастарымыздың ұлттың жігерін жандандыруға, әділетсіздіктің жолында аянбай күресуге үлгі болары хақ.
       Қараманның үнемі биікті аңсайтын қыран жүрегі мен ылғи жеңісті мақсат тұтқан өр кеудесінің сыры осы кітапта жақсы ашылып, әдемі сипатталған.



СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ


Кiтаптағы басты кейiпкер - Сүлеймен өмiрде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкiмсiз атау - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебiр себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi - ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмiр бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкiмет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзiн Құдайдан басқаның бәрiнен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделi болған. Қолдарыңыздағы кiтап сол күрделi ғұмырды қызықты һәм тартымды тiлмен баян етедi.



1931-32 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТАН ҚАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ БЕЛГІ ҚАЗЫҒҰРТ ЕТЕГІНДЕ ЖАТЫР


Мәтінді толық оқу...



ТАШКЕНТ ТАРИХЫ НЕМЕСЕ ҚАНША ҚАЗАҚ ӨЗБЕККЕ АЙНАЛДЫ?


Мәтінді толық оқу...



18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАҚТЫҒЫСЫ


Мәтінді толық оқу...



ҚОҚАН ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ


Мәтінді толық оқу...



ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ЗҰЛМАТТАР


Мәтінді толық оқу...



1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ ОҢТҮСТІКТЕГІ ҚАҺАРМАНЫ


Мәтінді толық оқу...





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу