Момбек Әбдәкімұлы

Лебіз


       «Оңтүстік өлкесінің тарихына арналған оның жуырда ғана жарыққа шыққан кезекті бір романы «Күн тұтылған мезгіл» деп аталыпты. «Күн тұтылған мезгіл» кітабын ақиқат тұрғысындағы мәліметтермен тізбектелген өзгеше шығарма деп мойындауға болады».

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
филология ғылымының докторы,
профессор



       «Осы еңбекті жазар алдында Момбектің ұзақ жылдар ізденіп, көп зерттеулер жүргізгенін көзі ашық азамат кітапты оқи бастағанда-ақ байқайды. ... М. Әбдәкімұлы аталмыш еңбегінде талай жылға ұласқан сол соғыстың не себепті басталып, қалай өршігенін, сондай-ақ қалай аяқталғанын нанымды деректермен кітаби тілде оқырман назарына ұсыныпты. Содан ғой, аталған шығарманы тың тақырыпты көтерген кітап деп отырғаным. Қалай айтсақ та, «Күн тұтылған мезгілдің» тың тақырыпты қаузаған шығарма екенінде ешкімнің дауы бола қоймас».

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
филология ғылымының докторы,
профессор



       «...Момбектiң бұл еңбегi – бүгiнгi оқырманның талап-тiлегiн қанағаттандыра алатындығына шүбә жоқ. Хикаяда алып Сүлеймен кейде аңғал, кейде баладай алдампаз, кейде ешкiмге бас бермейтiн өршiл, кейде тау қопаратын Толағай батыр... осының барлығы ешбiр әдеби әсерсiз, тым қарапайым тiлмен өрнектелген. Мен бұрын бастан-аяқ тек басты кейiпкердi ғана суреттеп, тек сол арқылы ғана осыншама шытырман оқиғаларды бiр кiтапқа жинақтаған мұндай үлкен көркем жазбаны оқыған емеспiн. Бұл тұрғыда жазушы Момбек Әбдәкiмұлын тыңнан түрткi салып, өз қолтаңбасын әп-әдемi қалыптастыра алған қаламгер деп әбден тануға боларлықтай. Әрi Сүлейменнiң басынан өткен соншама оқиғаларды жинақтауға бiрнеше жылын жұмсаған жiгер-қажырын айтыңыз. Бұл шығарма – роман, повесть сияқты көркемдiк дүниелердiң ауқым-аумағынан тыс, оларға мүлде ұқсамайтын хикаялық жазба болса да, бәрiбiр, аталмыш еңбек – үлкен көркем әдебиеттермен қатар тұратын дүние. Басқа жақты қайдам, дәл бiздiң оңтүстiк өңiрде барлық оқырмандарды өзiне мейлiнше баураған, осы “Сүлеймен қарақшы” тәрiздi шығарма соңғы он-он бес жылда жазылған емес. Мұның жарым-жартылай қағаз бетiн көрген газеттiк нұсқасының өзi уақытысында талайды тамсандырған».

Әбiлда Аймақ,
ақын, Халықаралық Физули атындағы
сыйлықтың лауреаты





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу